Ұрпақ тәрбиелеуге аянбай үлес қосты

Ұрпақ тәрбиелеуге аянбай үлес қосты

Болат Бодаубай, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, 1994 – 1996 жылдардағы «Zaman-Қазақстан» газетінің бас  редакторы;

– Бір күні Алтынбек «министрлікке келіп кетіңізші» деп телефон соқты.

Барсам, кабинетте өзі, мен танымайтын екі түрік азаматы отыр екен.

– Танысып қойыңыздар, Болат Бодаубай, белгілі журналист, жазушы. Бұрын республикалық «Жалын» баспасы, «Қазақ кітап» сияқты үлкен ұжымдарды басқарған. Қазір бізде бас басқарманың бастығы, – деп мені таныстырды. – Мына кісілер Түркия мемлекетінің өкілдері Әли Байрам және Әли Генчер мырзалар. Бұл кісілер Қалтай Мұхамеджанов ағамыз редактор болып істеген, содан соң біраз уақыт шықпай тоқтап қалған, Түркия мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық «Zaman-Қазақстан» газетін қайта шығару мәселесімен келіп отыр. Жақсы редактор қажет деп қолқа салды. Біз сізді ұсындық, – деп оларды маған таныстырды.

– Министр мырза сіз туралы жақсы пікір айтты. Қазір газетті қайта  шығарудың барлық жағдайы реттелді. Кеңсесі, қызметкерлердің орны, компьютер сияқты керек-жарағы, редактор мінетін жеңіл көлігі – бәрі дайын, – деді Әли Байрам.

 

Дүйсенбі күні таңертең редактор болып қызмет істеуге келісетінімді айттым. Кешкісін, алдын ала уағдаласқанымыздай, газеттің басылып шыққан жаңа санын Әли Байрам мырзаның қолына ұстаттым.

Редакцияға кызметке алынған жігіттер газеттің әр санының тартымды болуы үшін барын салды. Аптасына бір рет шығатын  болғандықтан, газеттің көлемі де қомақты. Материалдар негізінен қазақ тілінде даярланады, ортасында екі бет түрікшесі бар.

Сол уақыттан бері «Zaman-Қазақстан» (ол жылдарда  осылай  аталатын)  газеті мен барлық облыстарда құрылған  қазақ-түрік  лицейлері тәуелсіздік алып, тілімізді, ділімізді, тарихымызды, өткеніміз бен өшкенімізді қайта тірілтіп, дамудың, өсіп-өркендеудің  жаңа  жолына түскен халқымызға, мемлекетімізге айтарлықтай  жемісті,  адал қызмет атқарып келе жатыр. Жастарымыздың санасына да имандылықтың нұрын сеуіп, рухани дүниесі таза, еліне, жеріне,  өткен тарихына,  ұлтына, жұртына сүйіспеншілігі зор, арақ-шараптан, теріс мінез-құлықтардан аулақ жүретін, дені сау, ізденгіш, арман-мақсаты  биік  жаңа ұрпақ тәрбиелеуге аянбай үлес қосуда.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1016
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7063
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10911
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7131
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7274