Ұстаздар миллионер болады

Ұстаздар   миллионер болады

ҚР Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсембаев: «Елімізде педагогтердің жалақысын көтеру 2020 жылдың қаңтар айынан басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, аттестациядан және біліктілікті арттырудан өткен біздің ұстаздар үшін қосымша төлемдер ескерілген. Осы қосымша төлемдер мен үстемеақыны, жалақыны өсіруді ескере отырып, ауыл мектебіндегі педагог орташа есеппен 400 мың теңгеге тарта жалақы алып отыр. 2021 жылдан бері 26 педагог алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК (шамамен 3 млн теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады. Осылайша мемлекет үздік педагогтерге қолдау көрсетіп келеді. Бұл тұрғыда осы қадамдар жоспарлаған нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын. Мемлекет жасап жатқан қолайлы жағдайдың арқасында ұстаздарда мектепте білімді оқушыларды тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды», – дейді. 

                                                 

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5443
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5596
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20567
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19195
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22658