ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театр қабырғасында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Іс-шараны елорданың Сарайшық ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Кешке мектеп пен балабақша басшылары, мұғалімдер, тәрбиешілер, қоғам қайраткерлері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Салтанатты жиынның қонақтарына аудан әкімі Мақсат Саматұлы құттықтау сөз арнады. 

«Құрметті ұстаздар, білім беру саласының өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – өскелең ұрпаққа білім сыйлайтын, жүрекке мейірім беретін, сананы тәрбиемен, ақыл-кеңеспен нұрландыратын тұлға. Елдің болашағы мен өркендеуі сіздердің тынымсыз еңбектеріңізге байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барлық жетістіктің артында ұстаздар тұрады. Ұлттың болашағы –ұстаздың қолында», – деп орынды айтқан. Шын мәнінде, сіздердің адал еңбектеріңіз – бүгінгі табыстың кепілі ғана емес, ертеңгі күннің де берік іргетасы. Халықтың ұстазға деген құрметі мен сыйы ешқашан сарқылмасын!

Қазіргі таңда Сарайшық ауданында 10 балабақша мен 17 орта білім беру мекемесі жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны шамамен 50 мыңды құрайды. Бүгінгі кеште білім ұйымдарының басшыларының басын қостық. Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтаймын!» – деді Мақсат Саматұлы.

Мерекелік кештің ең маңызды сәті – білім беру саласын дамытуға ерекше үлес қосқан педагогтерді марапаттау болды. Оларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Көрермендер үшін ұстаздарға арналған әндер, би және театрландырылған қойылымдардан тұратын мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 284
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 290

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18951
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33982
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32535
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36337