ҰСЫНЫСТАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ

ҰСЫНЫСТАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ

"AMANAT" партиясы Жуалы аудандық филиалының "Орталық" бастауыш партия ұйымының бастамасымен Бастауыш пар­тия ұйым­дарының бастамаларын қол­дау мақса­тында жергілікті жерлерде жобалар­ды іске асыру үшін партия­лық жарна­лар­дан қайтарылған 20% қаржыға Б.Момышұлы ауылында орналасқан Д.Қонаев атындағы #19 мектеп гимназиясында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың елді жан-жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бағдарын түсіндіру және партияның алға қойған  міндеттерін жүзеге асыру мақсатында «Жаңа Қазақстан -Жаңа мүмкіндіктер» атты партия атынан сайланған мәслихат депутаттары мен бастауыш  партия ұйымдарының топтары арасында дебат ойындарының турнирі өткізілді.

 

📍Шараны партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы М. Нарымбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Е. Тілеубеков ашып, қатысушы топтарға сәттілік тіледі.

Жалпы дебат ойындарының турниріне 10 топ қатысты.

🔷 Тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша төмендегі командалар топ жарды.🥇🥈🥉

 

✅І орын "Талапты" тобы (аудандық мәслихат депутаты Р.Сайлаубаев, Б.Момышұлы орта мектебінің мұғалімі М.Мамытов)

ІІ орын "Лидер" тобы (аудандық мәслихат депутаты Э.Абишева, "1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Қалқабай)

ІІІ орын "Самұрық" тобы (М.Ломоносов орта мектебінің мұғалімдері Г.Шотбақова, Б.Медербаева) қанжығасына байлады!

 

Сондай-ақ "Үздік ойыншы" номинациясымен аудандық мәслихат депутаты, партия мүшесі Мұсаханова Гүлнар Махамбетқызы, ал "Үздік төреші" номинациясымен Жүсіп Манат Мүсірәліқызы марапатталды.

 

🔷Жеңімпаз командаларға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Топ жарған топтарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

29.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6440
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6572
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21551
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20168
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23652