ҰЯТ — ең қымбат қасиет!

ҰЯТ — ең қымбат қасиет!

Кітабымды оқыған кейбір әйелдер мені әйелқұмар екен деп ойлайды. 

Ал менің бөтен әйелдің етегін ашып көрмегенімді қайдан білсін? Қазақта "Шөккен түйеге міне алмайтын жаман" деген сөз тіркесі бар. Сол тіркес маған да арналып айтылған шығар. 

Менің "жаман" болатын себебім не? Ол менің ҰЯТ деген сөзді өте жоғары бағалайтыным болуы керек. 

ҰЯТ дегенді – ұлы күш деп санаймын. Адамшылдықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. 

Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. 

ҰЯТ - ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ! 

Ұяттыға иман ұялайды, ұятсызды қылмыс қуалайды. 

Мен: 

— Өтірік айтуға ұяламын. 

— Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын. 

— Орынсыз жерде артық сөз сөйлеуге ұяламын. 

— Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын. 

— Трамвай, троллейбуста қарттар түрегеп тұрғанда, жастардың орын бермей, шіреніп отырғандарын көргенде ұяламын. 

— Кейбір қазақ жастарының асыл ана тілін ардақтамайтынына ұяламын. 

— Біреудің әйеліне құмарлана қарауға ұяламын.

Әрине, жас жігіт пен жас әйелдің бір үйде оңаша қалып, қыбыр етпей жатуы қиын да. Əйелдер шыдайды да, бірақ еркекке қиын шаруа. Халық әндерінің бірінде мынадай екі жол бар: 

"Ұзақ таңға ер жігіт қайтып шыдар, 

Сары майдай толықсып қыз жатқанда"— деген. Қиын жағдай, бірақ, ұятты ұран етіп өскен жігіт мұндай қиындықтан да құтылады екен. 

Мен: 

— Біреудің сырын сыртқа шашуға ұяламын. Досыма да, қасыма ауыр сөз айтуға ұяламын. Үлкенге де, кішіге де (әсіресе үлкендерге) "Сен" деп сөйлеуге ұяламын. Әлдекімге жағынып, жағымпаздық жасауға ұяламын. 

Жұмыссыз бес минут отыруға ұяламын. 

Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамауға ұяламын. 

Кісі нәрсесіне қызығуға, біреуден бірнәрсені тегін алуға ұяламын. 

Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса, өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса, үн-түнсіз қала беремін. Өңештемеймін. Өкпелемеймін. 

Біреуден бірдеңе сұрап, қол созуға ұяламын, ешкімнен ештеңе дәметпеймін. 

Қоғамдық орындарда (емхана мен ауруханада, азық-түлік дүкендерінде, поштада, әртүрлі кассалар алдында) өшіретте тұрмай, "Мен ардагермін!" деп жұртты кимелеп, алға қарай ұмтылуға ұяламын. 

Мен барлық жастарды ұятты болуға шақырамын! 

Ұяты бар адамдарды ардақтай білуге шақырамын. 

Ұят иесі (марқұм) Əзілхан Нұршайық

(1922-2011)

Серік Абас-шах парақшасынан.
28.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 244
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805