Ветеринария саласының рөлі қашанда маңызды

Ветеринария саласының рөлі қашанда маңызды
Қазіргі қоғамда ветеринария саласының рөлі өте маңызды. Ветеринария саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру және жандандыру үшін барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет. Бұл саланы дамыту мәселесі бүгін, Облыс әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлының төрағалығымен өткен Кеңес отырысында талқыланды.
Қанатбек Қайшыбекұлы Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген ветеринария саласын реформалауға, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындауға, ветеринария жүйесін цифрландыруға, ветеринария мамандарын даярлауға, жалақыны арттыруға, ветеринария саласын жаңа деңгейге көтеруге қатысты маңызды міндеттерге тоқтала отырып, осы бағыттағы нақты орындалған іс-шаралар мен проблемалық мәселелерге бірден көңіл аударды.
Кеңес регламентіне сәйкес, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекция басшысы Қоекеев Жандар Миятұлы «Облыстың ветеринария саласы бойынша 2022 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі мен алға қойған жоспарлары туралы» тақырыбында баяндамалар жасады.
Сонымен қатар, кеңес отырысына қатысушылар ветеринария саласындағы проблемалық мәселелерді көтеріп, өзекті тақырыптарды қозғады.
Қорытындылай келе, Қанатбек Қайшыбекұлы ветеринария саласы қашанда мал шаруашылығына ветеринариялық қызмет көрсету сапасын арттыруға, халықты қажетті көлемде жануарлардан алынатын қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға, азаматтардың үй жануарларының денсаулығын сақтауға, қолайлы экологиялық жағдай жасауға, қоршаған ортаны биологиялық ластанудан және жануарлар әлемін инфекциядан қорғауға міндетті екенін жеткізе отырып, екі ведомство басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Жамбыл облысы ветеринария басқармасы
13.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852