VR технологияларымен жабдықталған мәдени кеңістік пайда болады

VR технологияларымен жабдықталған  мәдени кеңістік пайда болады

Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі аумағында абаттандыру мен құрылыс жұмыстары басталды. Жоба аясында тарихи нысанның айналасы жаңартылып, осы заманғы музей кешені салынады. Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков жобаның басты мақсаты – кесене аумағын киелі әрі тартымды мәдени орталыққа айналдыру, қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи тұлғаның ерлігін дәріптейтін жаңа кеңістік ұсыну. 

«Құрылыс жұмыстары барысында кесене маңы толық абаттанып, екі жаңа ғимарат салынады. Оның бірі – екі қабатты музей ғимараты. Бірінші қабатта мультимедиалық экспозициялар орналасса, екінші қабатта қазақ батырларына арналған тарихи зал ашылады. Музей замандық VR және AR технологияларымен жабдықталады», – деп атап өтті спикер.  

Музейлендіру жұмыстары 2026 жылдың ақпан айында басталып, мамыр айында толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жоба Алматының тарихи және туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, келушілерге Райымбек батырдың ерлік рухын жаңа форматта таныстыруға бағытталған.

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 435
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 443
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 389

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20754
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20542
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35657
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34198
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38071