ХАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫ — ДОСТЫҚ ПЕН ЖАҚСЫ КӨРШІЛІКТІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ ФАКТОРЫ

ХАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫ — ДОСТЫҚ ПЕН ЖАҚСЫ КӨРШІЛІКТІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ ФАКТОРЫ

  Соңғы жылдарда Орталық Азия елдері аймақтық  ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыру үшін нық қадам тастауда. Әлем қауымдастығында Орталық Азияның орны мен рөлі күн сайын артуда. Мемлекеттер арасында экономикалық, сауда, транспорт-логистика, мәдени-гуманитар салаларда интеграциялық үдерістер жылдамдықпен дамуда.  

Бүгінгі таңда Өзбекстан аймақ көлемінде белсенді сыртқы саясат жүргізіп, көрші елдермен өзара мүдделі байланыстарды нығайтуда. Еліміз Президенті Шавкат Мирзияев Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 76 сессиясында “Біз Орталық Азия аймағында өзара ынтымақтастық пен сыйластық, жақсы көршілік және стратегиялық серіктестік рухында мүлде жаңа саяси ортаны нығайтудамыз. Біздің негізгі мақсатымыз — Орталық Азияны әлауқатты және тұрақты дамыған, сенім мен достық кеңістігіне айналдыру болып табылады” деп айтқан болатын. Сонымен қатар әлемдік саясаттануда “Орталық Азия рухы” деген сөз тіркесі пайда болды. Бұл аймақтық ынтымақтастықтың өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделгенін бейнелейді.  

Өзбекстандағы ШЫҰ-ның Халық дипломатиясы орталығының қызметінің үстем бағыты — негізі Орталық Азия елдері болған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттермен байланыстарды нығайтуға қаратылған.  

Орталық 2022 жылы Ташкент қаласында “Халық дипломатиясы — даму жолындағы өзара ынтымақтастық” тақырыбында форум мемлекетаралық және аймақаралық байланыстарды, ұлтаралық пен конфессияаралық татулықты нығайту, цивилизацияаралық қарым-қатынастарды дамытуда маңызды қадам болды.  

Осы бойынша атқарылған істердің жалғасы ретінде үстіміздегі жылдың 14 сәуір күні Өзбекстанда ШЫҰ-ның Халық дипломатиясы орталығы, Конрад Аденауэр атындағы қордың еліміздегі өкілеттігімен, Орталық Азия халықаралық институтымен ынтымақтастықта “Халық дипломатиясы — Орталық Азиядағы бейбітшілік, достық және жақсы көршілікті нығайтудың маңызды факторы” тақырыбында аймақаралық конференция болды.  

Конференцияға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының мүшелері, Қазақстан Азаматтық альянсы, Қырғызстандағы ШЫҰ мәдени-интеграциялық орталығы, Қырғызстан жастар конгрессі, Тәжікстандағы ШЫҰ достық және ынтымақтастық орталығы, Тәжікстан Республикасы Президенті құзырындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Орталық Азия елдерінің Өзбекстанда аккредитациядан өткен дипломатиялық өкілеттіктерінің өкілдері қатысты.  

Шарада Орталық Азия елдерінің халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастығы қаралып, мемлекеттердегі халық дипломатиясы институттары арасындағы проблемалық мәселелер талқыланды.  

Қатысушылар халық дипломатиясы ғылым-білім, мәдениет, өнер, туризм және спорт сынды салаларда кең көлемді байланыстарды, мәдениетаралық коммуникацияны орнатуға жағдай жасауды тілге тиек етті.  

Орталық Азия халықаралық институтының директорының орынбасары Ботир Турсунов мемлекетаралық интеграциялық үдерістерді жеделдету аймақтағы тұрақты дамуға қол жеткізудің маңызды факторы екенін айтты. Сонымен қатар ол аймақ мемлекет басшыларының жаңа өңірлік саясатының нәтижесінде Орталық Азияда ынтымақтастықтың жаңа ортасы қалыптасқанын, оған мемлекет басшыларының мәслихат кездесулері осының жарқын мысалы екенін атап өтті.  

Өзбекстандағы ШЫҰ Халық дипломатиясы орталығының директоры Қобилжон Собиров Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Орталық Азия елдері басшыларының үшінші Мәслихат  кездесуінде сөйлеген сөзінен үзінді келтірді: “Біз белсенді мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жалғастыру, елдерімізде мәдениет күндері мен түрлі шығармашылық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру, білім беру мен туризм саласындағы алмасуды “халық дипломатиясының” ең маңызды құралы ретінде дамытуды қолдаймыз”. Сонымен қатар ол аймақтың халықаралық қатынастардағы рөлі артып келе жатқанын, мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселелерін белсенді түрде талқылап, Орталық және Оңтүстік Азияның өзара тәуелділігін нығайту бастамасын алға тартып, Еуразиядағы жаңа түрдегі қатынастарды қалыптастыруға нәтижелі үлес қосып жатқанын айтты.

 

Конрад Аденауэр атындағы қордың Өзбекстандағы өкілдігінің ғылыми қызметкері Азиз Татибаев Орталық Азия аймағында халық дипломатиясы екі деңгейде, аймақтық және ұлттық көріністе дамып жатқанын, сондай-ақ қор аймақ елдерімен халық дипломатиясы саласында ынтымақтастық жасап, біріккен жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.  

“Қазастан Азаматтық альянсының” Президенті Бану Нұрғазиева аймақ арасында азаматтық форум өткізуді ұсынды. Ол форумға жас, тағы басқа ерекшеліктеріне қарап бөліп жармай, қоғам белсендісі саналған азаматтарды жұмылдыру қажет, осылайша бір қатар проблемаларды шешуге болады дейді.  

Шара соңында Орталық Азия елдері арасындағы ұлтаралық татулық, ынтымақтастық және достық байланыстарды одан да нығайтуда халық дипломатиясы механизмінен кең пайдалану бойынша сарапшылардың ұсынымдары әзірленді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтар, азаматтық қоғам институттары, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар арасында қарым-қатынастар аясын кеңейту, шетелдік отандастармен ынтымақтастықты дамыту бойынша келісім жасалынды.  

Форум аясында ШЫҰ Халық дипломатиясы орталығы  Қазақстан Азаматтық альянсы және Өзбекстан волонтерлер ассоциациясымен меморандумға қол қойды.  

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Өзбекстан Республикасы
17.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362