ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ. ТАРИХИ ШЕШІМ!!!

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ. ТАРИХИ ШЕШІМ!!!

Ұлттық мүддеге нұқсан келетін, я болмаса аяқасты етілетін жағдайда шешім қабылдауға ешуақытта асықпау керек. Сағыздай созып, сөзбұйдаға салып, оны келесі буынның үлесіне қалдырып кету керек деген екен.” Біз бәріміз осы сөзден міндетті түрде қорытынды шығаруымыз керек. Өйткені, бұл ұлт үшін, болашақ ұрпақ үшін аса қажет дүние!


Сөзбұйдаға салу салмақты ой мен тарихи шешімдерге әкелетінін уақыт көрсетті.Егемендіктің елең алаңы алғашқы жылдары оңай болмағаны хақ.Тіптен келгенде ел картасында бірнеше облыстар ыңғайластырылып ықшамдалды. Бүгінде 30 жыл Тәуелсіз өмір сүріп, табысты ел ретінде әлемге танылған Қазақ елі мемлекет басшысының кезекті халыққа үміт сыйлайтын Жолдауын зор қуанышпен қабыл алды.

Бұл дәстүрлі Жолдауда Президентіміз елдің алдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының басым бағыттары, еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.
Жолдауда Президентіміздің халықтың көкейіндегі мәселелерді дөп басып, талап – тілегіне, арман – мұратына жетелейтін міндеттерді толық айтып, әр сала бойынша берген тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды. Еліміздің жарқын келешегі жолында атқарылатын іс-шараларға тоқталып, әрбір сала бойынша жеке – жеке жоспарын баяндап өтті.
Соның ішінде менің көңіліме жақын тигені – елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы. Семей қаласы – Абай облысының, ал Жезқазған қаласы Ұлытау облысының, Қапшағай қаласы Алматы облысының және Талдықорған қаласы Жетісу облысының орталығы болмақ. Осы жолғы Жолдау – Семей халқы үшін басқа жолдаулардан өзгерек болды. Абай мен Алаштың қаласы болған киелі жерді, облыс орталығы ретінде айрықша тарихи маңызы бар қалаларды жаңғырту мақсатында тағайындау туралы шешім, жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азамат пен азаматша үшін өте қуанышты жаңалық болды.
Шынымен де қаншама ұлыларымыздың табаны тиген қасиетті қаламыздың дамуы тым қарқынды деп айта алмаймыз. Мұны мемлекет басшысы өз сөзінде де ашық айтты. Облыс болған жағдайда қаланың әл ауқаты артып, көркі арта түсетініне сенімдіміз. Мен үшін Президентіміздің айтқан ең жылы сөзі: «Маған халқымның ертеңі емес, бүгін бақытты болғаны керек»- дегені еді. Бұл ретте Президентіміздің асқан көреген, жанашыр, Ұлы тұлға екендігін сөзсіз дәлелдегенін көреміз.
Осы орайда, біз, Президенттің жаңа бастамалары ел азаматтарының жүрегі мен санасында үн қосатынына және Қазақстан жақын арада әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылатынына нық сенімдіміз.
Осы орайда Жолдауда айтылды оны орындау бір басқа дүние.Президент пәрменін жүзеге асыру бойынша алғашқы жұмыс күнінен бастап жаңа атауларды айқындап, нақтылау болды.Бұл жұмыстарды атқару бойынша тиісті уәкілетті орган -Мәдениет және спорт министрлігі сол күннен бастап жұмысты бастап та кетті.Елдегі ономастика саласы бойынша ұлт руханиятынан құралған арнайы топ жаңа облыстардың атауларын талқылап, бірге шешім жасап мемлекет басшысының ұсынысын қолдады.Әсіресе жаңа құрылған облыстардың екі тілдегі (қазақ және орыс) жазба атауларын ана тілімізде жазғаны көңілге қуаныш ұялатты.Ана тілде жазылған өңір атаулары әлем алдындағы қазақ тілінің мәртебесін асқақ етті.Ұлылар алдындағы аманат орындалды.Ерекше айтар дүние жоғарыда айтқанымдай министрліктің басшылығы қолдап саладағы Мәдениет комитетінің ономастика бойынша уәкілетті органы тегеурінді, талапты еңбектерінің арқасында ана тілге басымдық беріліп, Абай,Ұлытау,Жетісу сонымен қатар Қонаев есімдері Президент Жарлығымен бір тілдегі мәтінге ие болды.Бір тілде жазылу Ұлы ақын Абай, Халықтың сүйген перзенті Қонаевпен киелі Ұлытау, Жетісу жер-су атауларының өз биігімен белесі болса керек.

Қай тұстан алып қарасақта Қазақстан шекарасы төңірегіндегі әрбір елді мекеннің атынан ұлттық болмыс пен ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұру керек.

Алмас Мухтаров, тарихшы

Бұл атауды оқыған әрбір қазақстандықтың бойын мақтаныш сезімі билейтіндей атына заты сай, мән-мағыналы қазақы атаулар ұсынуды бұдан әрі талап етейік.

 

 

 
 
Алмас Мұхтар, тарихшы
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706