Кеше Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 28 наурыз Халықаралық театр күнін ерекше атап өтті.
Сахна майталмандары шымылдық артында емес, көрермендер залында келешек жас актерлердің құттықтауларын тамашалады. Бұл мерекелік жиында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінің «Мәдени- тынығу» кафедрасы мен Абай атындағы жоғарғы гуманитарлық колледждің «Актерлық өнер» бөлімінің студенттері композициялық қойылымдарды сахналады. Ал, филармония әншілері тамаша әндерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл -күй сыйлады. Жиын басында театрдың жетістіктері турасында баяндалатын деректі фильм көрсетілді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай Халықаралық театр күнімен құттықтаумен қатар театр әртістерімен қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.
Кеш барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысынада құттықтау сөз беріліп, жас әртістер басқарма тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Театр тарапынан да түрлі номенациялар бойынша марапаттар мен бағалы сыйлықтар тағайындалып қызметкерлерге табысталды.
Ендеше, «Облыстық кино орталық» КҚМК-ны театр ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтайды.
Көрермен көңілін нұрға, жүректерін жырға бөлеп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнерсүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Ұлтымыздың саф өнерін жандандырып, биік белестерден көріне беріңіздер!
Мереке құтты болсын!