ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕУ БІРІНШІ ОРЫНДА БОЛУЫ ҚАЖЕТ

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕУ БІРІНШІ ОРЫНДА БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Өңірлерді дамыту жөніндегі» кеңесінің көшпелі отырысы аудандық орталық мәдениет үйінің кіші залында өтті. 

Кеңес отырысын облыстық мәслихат депутаты, Кеңес төрағасы Мұқаш Ескендіров жүргізіп отырды.

 

Кеңес отырысына аудан әкімі Жалғас Мұртаза арнайы қатысты. 

 

Күн тәртібінде төменде көрсетілген екі мәселе қаралып жауапты сала мамандары атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

 

І. Б.Момышұлы, Ақсай, Мыңбұлақ ауылдық округтерінде жаз мезгілінде ауыз су мәселесі;

 

II. Электр бағаналарының ескіруі, қуаттылығының төмендігі жайы қаралды.

 

Күн тәртібінде көрсетілген алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Сейтбеков баяндама жасады.

- Бүгінде ауданның орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 31 елді мекен, ол елдімекенге шаққанда 63 пайызды, 45 145 тұрғынға шаққанда 85 пайызды құрап отыр.

Қалған елді мекендер бойынша:

Қазіргі уақытта Қоңыртөбе ауылының ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстары басталып, жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Жаңарту»  ЖШС жүргізуде. 

 

Одан бөлек 6 елдімекенге  ауызсу құбырын тарту жоспарлануда. Атап айтқанда Рысбек батыр, Жаңаталап-Ақтоған, Тасбастау, Кәріқорған, Бәйтерек ауылдары.

Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары Тасбастау, Кәріқорған, Бәйтерек ауылдарында келесі жылға өтпелі болып табылады. 

Нәтижесінде 2022 жылы қосымша 4 елді мекен ауыз суға қосылып (Қоңыртөбе, Рысбек батыр, Жаңаталап, Ақтоған) көрсеткіш бойынша жалпы 35 елді мекен 71,4 пайызды, 46883 тұрғын, ол 88,3 пайызды құрау межеленуде,- деді Ерболат Оразбақұлы.

 

Әрі қарай күн тәртібінде көрсетілген келесі мәселе бойынша аудандық электр желілерін тарату мекемесінің басшысы Рабат Сәрсенов биылғы жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

 

-Кернеудің төмендігіне байланысты ағымдағы жылы Көлбастау ауылының Қ.Рысқұлбеков көшесінде 900 м. АС-25 маркалы электр сымы АС-50 және АС-35 маркалы сымға және Қайрат ауылының Ә.Беделбаев көшесінде 2000 м АС-25 маркалы сым АС-50 және АС-35 маркалы сымға ауыстырылып кернеу қалпына келтірілді.

Қазіргі кезге дейін Ертай ауылында инвестициялық бағдарлама бойынша 146 ағаш бағана темір бетон бағанаға, 15 300 м  ескі АС-25 маркалы электр сымдары АС-35 маркалы электр сымына ауыстырылды. Бүгінгі таңда аталған жұмыс жалғасуда. 

 

Сонымен қатар бұдан бөлек инвестициялық бағдарлама бойынша Көлтоған ауылы №134-і 10/0,4кВ қосалқы стансаның 0,4кВ әуе желісінде 73 дана ағаш бағаналар темір-бетон бағанаға, АС-35 маркалы электр сымы АС-35 маркалы электр сымына, Қошқар ата ауылы №112-і 10/0,4кВ қосалқы стансаның 0,4кВ әуе желісінде 121 дана ағаш бағаналар темір-бетон бағанаға, АС-35 маркалы электр сымы АС-35 маркалы электр сымына ауыстыру жоспарлануда. 

Сондай-ақ Күреңбел ауылында 1,4 шақырым 10кВ әуе желісі салынды. Одан бөлек қосымша 100кВА-лық 10/0,4кВ қосалқы станса салу жоспарлануда. 

Ал келесі 2023 жылға инвестициялық бағдарламаға кіргізу мақсатында Рысбек батыр, Т.Дүйсебайұлы, Қоңыртөбе және Түктібай ауылдарының электр қондырғыларын зерделеу жұмыстарын жүргізудеміз,- деді Рабат Полатұлы.

Жиын соңында кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров ауыл тұрғындары үшін үш мәселе кезек күттірмейтін айтты. Олар газ, электр энергиясы, ауызсу мәселесі. Осы аталған қажеттілікті өтеу бірінші орында болу керек екендігін жеткізді. 

 

Әрі қарай сөз алған аудан әкімі Жалғас Мұртаза аталған мәселелермен елдімекендерге жасаған сапарында танысқандығын, ауызсу мәселесі ауданда өзекті мәселеле болып тұрғандығын, алдағы уақытта ауызсу мәселесін шешу үшін зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мәселені шешу үшін жұмыс жасайтындығын атап өтті. 

Жалғас Әлижанұлы өз сөзінде халықтың қажеттілігін өтеу мен үшін әрқашанда бірінші орында тұрады. Біз ол қажеттіліктерді өтеу үшін жұмыс жасаймыз деп сөзін қорытындылады.

Бақытжан Бекболат
22.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659