Ядролық медицина орталығын салу жобасы Ақтөбе облысында жүзеге асырылады

Ядролық медицина орталығын салу жобасы Ақтөбе облысында жүзеге асырылады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "OrhunMedical" түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Қонақтарға өңірдің денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы ядролық медицина және томотерапия орталығымен бірге ОrhunМedical көпсалалы клиникасының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға, сондай-ақ Батыс Қазақстан қалаларында Позитронды-эмиссиялық томографияның екі орталығын, сонымен қатар бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны ашуға қатысты мәселелер талқыланды.

Жобаны "OrhunMedical" Басқарма төрағасы Гоненч Дырык таныстырды. Инвестиция көлемі 50 млн. долларды құрайды.

Ядролық медицина орталығының өндірістік қуаты айына 12 мың ОФЭКТ/КТ зерттеулерін құрайды, Ақтау және Атырау қалаларында жыл сайын 9 мың зерттеу жүргізілетін болады.

"Маңызды жоба, соның арқасында батыс өңірінің тұрғындары жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Біз оны жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Кадр мәселесін медицина университеті шешеді, оның базасында мамандарды даярлау бойынша база ашуға болады", - деп атап өтті облыс әкімі, сондай-ақ ол басшыларға инвесторлар үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды. 

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1019
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7066
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10913
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7134
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7277