Жаға бекіту жұмыстарының 50 пайызы аяқталды

Жаға бекіту   жұмыстарының   50 пайызы аяқталды

Махамбет ауданына қарасты Алға ауылында ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын жаға бекіту жобасының 50 пайызы орындалды. Нысанды қазан айына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жоба аясында негізгі құрылыс кезеңдері жүйелі түрде жүзеге асуда. Бірінші және екінші арналар бойынша қазба жұмыстары толық аяқталып, 3,2 шақырым аумақ қамтылды. Сондай-ақ жағалаудың 0-32 шақырым аралығында 946 дана свай қағылып, әуе электр желісі ауыстырылды.

Қазір арнайы қоршау салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 4100 дана геошпунт орнатылып, құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.

Атап айту керек, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде нысан аумағы су астында қалып, құрылыс уақытша тоқтатылған болатын. Қазір жұмыстар қайта жанданып, қарқыны күшейтілді.

А. ХАМИТТЕГІ
08.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24741
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24398
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41841
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37713
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42142