Жағдай тұрақты – ҚР ІІМ және Бас прокуратура дауыс беру процесі және референдум учаскелеріндегі құқықтық тәртіп туралы

Жағдай тұрақты – ҚР ІІМ және Бас прокуратура дауыс беру процесі және референдум учаскелеріндегі құқықтық тәртіп туралы

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және заңдылықтың сақталуын бақылауды жалғастыруда. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомстволардың өкілдері учаскелердегі жағдай туралы хабардар етті.

 

ҚР Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қарамановтың айтуынша, дауыс беру процесі өрескел бұзушылықтарсыз – қалыпты жағдайда өтуде.

«Бүгін прокуратура органдарына республикалық референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ қазіргі уақытта сот органдарына да талап арыздар енгізілмеген», - деді спикер.

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, референдум учаскелеріндегі оқиғаларға уақытылы ден қою үшін әрбір ауданда мобильді жедел-тергеу топтары құрылды.

«Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларының көмегімен референдум учаскелеріне іргелес аумақтарды бақылау күшейтілді. Жалпы, қазіргі уақытта референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді ІІМ ресми өкілі.

06.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5243
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5403
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20366
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19002
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22467