Жайықтың жай-күйі талқыланды

Жайықтың жай-күйі талқыланды

 

Орал қаласында 19-20 шілде күндері «Жайық өзенін қорғау» күніне орайластырылған бірыңғай экологиялық интернет-ресурс пен үкіметтік емес ұйымдардың дәстүрлі кездесуі өтті.

Бұл туралы Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова қатысты. Барлық өткізілген іс-шаралар «Қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық өзендер бойынша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету» деген негізгі тақырыпты қамтыды. Соның ішінде Жайық өзеніне қатысты мәселелер талқыға салынды.

19 шілдеде өткен дөңгелек үстел отырысында трансшекаралық өзендер мен жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Жайық өзенінің экологиялық жай-күйі талқыланды. Спикерлер кездесудің берілген тақырыбына сай баяндамалар оқып қана қоймай, нақты қиындықтар туралы айтып берді. Сондай-ақ оларды шешу жолдарын ұсынды. Ал шілденің 20-жұлдызында «Жайық – таза жағалау» және өзенді балықтандыру бойынша акциялар өткізілді. Өңір жастарының экологиялық мәселелерге белсенді қызығушылық танытып, Жайық өзенін сақтауға өз үлестерін қосып жүргені белгілі. Осыған байланысты жастар үшін Жайық өзені бойынша жыл сайынғы экспедиция және тақырыптарды талқылауды жалғастыру үшін алау жанында ресми емес кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысушылар «мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдардың, табиғат пайдаланушылардың, бірыңғай экологиялық интернет-ресурстың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастардың белсенді өзара іс-қимылы үшін жақсы алаң болады» деген қорытындыға келді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
27.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660