Жамбыл ауданында қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда. Мал азығы – ертеңгі ел азығы болғандықтан, өңірде мал азығын әзірлеуге қазірден көңіл бөлінуде.
Бүгінде өңір шаруалары мал азығын дайындау жұмыстарына қызу кіріскен. Жамбыл ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековтің берген мәліметіне сүйенсек, онда 160 700 тонна шөп дайындау жоспарланған.
Қазіргі таңда 4 864 тонна шөп орылып, жиналған. Оның 4 557 тоннасы шағын шаруа қожалықтарға, 151 тоннасы «Ақкөл» шаруа қожалығына, 137 тоннасы «Қызылдихан» өндірістік кооперативіне, 19 тоннасы «Амангелді» өндірістік кооперативіне тиесілі.