ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

16 наурыз - мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай аудан орталығында ашық аспан астында киіз үй тігіліп, ұлыстың ұлы күні Әз-наурыз мерекесі аталып өтті. 

Ауыл тұрғындары мен қонақтар беташар салтын тамашалап, бір-бірін қазақы жыл басымен құттықтады. Көпшілік ұлттық тағамдардан да дәм татып, көтеріңкі  ән мен іскер әйелдер бірлесе билеген “Қара жорға” биін тамашалады. 

-Ауыл тұрғындары бұл мерекені ылғи да ерекше ықыласпен күтеді.  Бүгін отбасылық және мәдени құндылықтардың,  жарқын көрінісіне куә болдық.  Биыл елімізде наурыз мейрамы үлкен көлемде тойланып жатқаны қуантады. Бәрі өте керемет ұйымдастырылған, Наурыз дастарханынан да дәм таттық. Керемет концерттің куәгері болып, жарыстарға да қатыстық.  Мерекені атап өту үшін орталыққа отбасымызбен келдік,-дейді асалық тұрғын.

Алаңда ұлттық ойындар дәріптеліп, жастар алтыбақан тепті. Сонымен қатар аудан халқы қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, тіптен шеберлермен бірге оларды жасауға атсалысты.

-Биыл төл жаңа жылымыз ерекше тойланатынына ауыл болып қуандық. Қуанышымызға орай ауа-райы да керемет болып тұр. Ендігі осы әдеттен жаңылмасақ екен,-деп ақжарма тілегін білдірді ауыл тұрғыны

Айта кету керек, аудандағы сауда орындарында 14 наурыздан бастап “Наурыз -базарлық” акциясы жүргізіліп, наурызнама шаралары барлық округтерде аталып өтуде.

16.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 22
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 105
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 106
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 111
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 79

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1324
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7368
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11236
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7420
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7575