Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муликова Неили Орынбасарқызы:
"Пандемия басталғалы Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 26 741 жағдайы тіркелді. Ал соңғы аптада 34 тұрғын, өткен тәулікте 3 адам жұқпалы дертке шалдыққан. Өңірде қауіпті індеттің алғашқы дерегі 2020 жылдың 24 наурызында тіркелген. Қазір Жамбыл облысы «жасыл» аймақта."
Жамбыл облысында КВИ-ге қарсы вакциналау Sinovac, Hayat Var, QazVac, ГамКовидВак, Комирнати сияқты вакциналардың бірнеше түрімен жүргізілді. Яғни, тұрғындарда қандай вакцина егуді таңдау мүмкіндігі болды. Бүгінде аймақта 18 жастан асқан 619 795 адам екі мәрте вакцинациямен қамтылды. Сонымен қатар, 69 281 жасөспірім, 2 437 жүкті және 5 032 бала емізетін әйел екі екпе алды, ал 311 249 адам қайта вакцинацияланды.