Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасын салу жоспарлануда – Е. Қарашөкеев

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасын салу жоспарлануда – Е. Қарашөкеев

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында өңірдегі суармалы сумен қамтамасыз ету бағытындағы атақарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жаңадан салынуы көзделген су қоймаларының жалпы сыймдылығы 46,2 млн. текше метр құрайды. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 1,4 млн текше метр болатын 3 су қойманың құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Жасоркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және қолданыстағы 2 су қойманың (650 млн текше метр) жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Облыстың алты ауданында су инфрақұрылымдық нысандарын жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы 876 шақырым және суармалы алаңы 69 мың га алқапты құрайтын 361 су шаруашылығы нысаны қайта жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған.

Вегетациялық кезеңде су тапшылығы орын алатын аудандарда жер асты суларын пайдалануға басымдық беріліп, ұңғымалар қазу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма іске қосылған, пайдаланылуда десек, тағы 543 ұңғыма қазу көзделген.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

05.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 15
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 17
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1093
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7140
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10990
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7203
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7348