Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 117 мигрантқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
«Шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан азаматтарының көші-қон заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 260 адам жауапкершілікке тартылды.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 40 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Тұрдалиев.
123 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды. Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды.
Сондай-ақ, бұрын шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және облыс аумағында заңсыз жүрген 14 шетелдік тұрғын мәжбүрлі түрде елден шығарылды.. Іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.