Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды

Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Департаментпен қабылданған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 483 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

Мәселен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

Сонымен қатар, еңбек заңнамасында іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті өсімпұлдар төлеу мәселесі көзделген.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүргізілген бақылау шараларының нәтижелерімен 60 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде 50 қызметшіге іссапар шығындары кешіктіріліп төленгені үшін тиісті өсімпұл сомалары төленсе, 10 қызметшінің қызметтерін бағалау мәселесі қайта қаралды.

Осыған ұқсас, Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 177 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 757 780 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді.

Сондай-ақ, 23 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 1 226 268 теңгені құрайтын іссапар шығындары төленді.

Одан бөлек, еңбек заңнамасында үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілерге тынығу сағаттарын ұсыну мүмкіндігі қарастылырған.

Осы орайда, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің нәтижесінде 11 қызметшіге жалпы 13 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Ал, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 212 мемлекеттік қызметшіге 264 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары беріліп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні қолданыстағы заңнама талаптарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың 26 қызметшісі (ЖАО – 22, ОМО АД – 4) икемді жұмыс кестесі бойынша жұмыс атқаруда.

Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай тұрақты түрде жүргізіліп, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

 

Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
09.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 478
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 567
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 575
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 567
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 573
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 349

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11659
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13822
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12782
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17786