Жамбыл облысында алғаш рет экстракорпоралды мембраналық оксигенация әдісі қолданылды

Жамбыл облысында алғаш рет экстракорпоралды мембраналық оксигенация әдісі қолданылды

22 жастағы науқас  жол апатына ұшырап қалалық көпбейінді ауруханасына  өте ауыр жағдайда жеткізілді. Науқас ауыр дәрежелі жедел респираторлық стресс синдромымен және асқынған кеуде қуысының ауыр жарақатымен анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің жатқызылды.

Талдау-сараптамалар мен дәрігерлердің тексеруінен  кейін пациентке келесідей диагноз қойылды: көптік жарақат, аралас жарақат,  жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының зақымдануы, өкпенің зақымдалуымен екі жағынан бірнеше қабырғалардың сынуы, оң және сол жақтағы гемопневмоторакс,  сол жақ иықтың жабық сынуы, іштің жарақаты, 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Зардап шегуші шұғыл түрде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, шокқа қарсы терапияны  бастады.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, науқастың жағдайы біртіндеп нашарлай  берді. Торакотомия арқылы хирургиялық емдеу туралы шешім қабылданды. Операциядан кейінгі кезеңде тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты науқастың жағдайы өте ауыр болды. Ол өздігінен демала алмады, тек өкпені жасанды желдету аппаратымен ғана интубациялық түтік арқылы тыныс алды. Күні бойы теріс динамика байқалды –  гемодинамиканың тұрақсыздығы және гипотония байқалды, қан қысымы 80/40 мм-ге дейін төмендеп кетті. Пульмонолог дәрігердің  қарауынан  кейін фибробронхоскопия жасалды. Нәтижесінде трахея мен бронхтарда көп мөлшерде қызыл көбікті қан анықталды, сондықтан қан кету көзін анықтау мүмкін болмады. Мультидисциплинарлық консилиумның шешімімен тыныс алу терапиясын жүргізумен түзелмейтін, өкпені оттегімен қанықтыратын және желдету функцияларының бұзылуымен қатар жүретін өкпе газ алмасуының өмірге қауіп төндіретін өрескел бұзылуларын ескере отырып, науқасты шұғыл тамыр-веноздық экстракорпоралды мембраналық оксигенацияға қосу көрсетілді.

Оны қосқан сәттен бастап 13-ші тәулікте пациенттің жағдайында оң динамика байқалды. Мультидисциплинарлық консилиум өткізілді. Қанның газ құрамының параметрлерінің қалыпқа келуі және оң рентгенологиялық динамиканы ескере отырып, экстракорпоралды мембраналық оксигенациядан ажырату туралы шешім қабылданды.

Көп ұзамай науқастың жағдайы мен қан газдарының көрсеткіштерін ескере отырып, ол өкпені жасанды желдету аппаратынан  ажыратылып, трахеостомия арқылы тәуелсіз тыныс алуға ауыстырылды. Келесі күні трахеостомиялық түтік алынып тасталды. Торакальды хирургтың тексеруінен кейін торакальды бөлімде емдеу ұсынылды.

Жақсы емнің нәтижесінде пациент қалалық көпбейінді ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне ауыстырылды, содан кейін торакальды бөлімшеге емді одан әрі жалғастыру үшін жіберілді. Торакальды бөлімшеде жүргізілген емнің 10-шы тәулігінде жас жігіттің жағдайы жақсарып және өз бетінше тыныс алуын толық қалпына келтіре отырып үйіне шығарылды.

Жас жігіт ауруханадан шыққаннан кейін бір айдан соң Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының қызметкерлеріне алғыс сөздерімен бейнеөтініш жазып жіберді:

«Қалалық көпбейінді аурухананың медициналық қызметкерлеріне үлкен рахметімді айтқым келеді.  Аурухананың бас дәрігері Н.Әбілдаевқа, жансақтау бөлімінің меңгерушісінің м.а.  Е. Едильбаевқа, емдеуші дәрігерлерім Г. Раимбековқа, Д. Джурабаеваға, Б.Дурсуноваға және менің өмірімді құтқаруға қатысқан бүкіл ұжымға алғыс білдіремін. Дәрігерлердің біліктіліктерінің арқасында мені дер кезінде  ЭКМО аппаратына қосты. Шындығында олар екінші өмір сыйлады. Жансақтау бөлімінің барлық қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын» — деді ол.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің  меңгерушісі Ернар Еділбаев атап өткендей, пациенттің ауруханаға келіп түскендегі жағдайы өте ауыр, стандартты қарқынды терапияға бейім емес, бірақ экстракорпоральды мембраналық оксигенацияға оң жауап берді. Науқастың өмірі уақтылы жүргізілген операцияның, қарқынды терапияның және экстракорпоралды мембраналық оксигенацияны  қолданудың арқасында сақталды.

Бұл клиникалық жағдайда экстракорпоралды мембраналық оксигенацияны қолдана отырып, жедел респираторлық стресс синдромы мен асқынған кеуде қуысының ауыр жарақатын емдеудің мысалы келтірілген. Науқаста өлім қаупі жоғары болды. Сондықтан,  хаттама бойынша  Жамбыл  облысында алғаш рет жоғарыда аталған әдісіті қолдану туралы шешім қабылданды. Қорыта келе, өмір мен өлім арасында жатқан науқасқа экстракорпоралды мембраналық оксигенацияны  қосу – оң   нәтиже алуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
11.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 139
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731