Жамбыл облысында ауылдықтардың игілігі үшін жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысында ауылдықтардың игілігі үшін жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа нысанның ашылуына қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады.

- Бұқаралық спортты дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Елімізде бұл бағытта барлық жағдай жасалуда.

Өңірімізде де спорт саласының дамуына айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінгі жаңа нысан – соның бір көрінісі.

Бұл спорт кешені жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет етіп, болашақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлердің шығатынына сенімім мол. Спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік беретін кешен стандартты үлгіде жабдықталған.

Қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 489 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40 пайызына жетті. Заманауи спорт кешендері бар шалғай ауылдардың да қатары артып келеді,-деген облыс әкімі салада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға да тоқталып өтті.

Келесі кезекте, ауыл ақсақалы Жарқын Қалыбаев тұрғындар атынан ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, облыста жыл сайын жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өткен жылы елді мекендерде 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, биыл 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Ағымдағы жылы 16 нысанның ашылуы жоспарланған.

Ал, Жамбыл ауданы бойынша 174 спорттық нысан болса, соның жалғасы ретінде ашылған жаңа нысан ойын, жаттығу, бокс, күрес залдарымен қамтылған. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 337 млн. 809 мың теңге қаржы қарастырылып, бас мердігер «Бақыт таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Спорттық сауықтыру кешенінде 150 ден аса ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық  түрімен айналысатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565