Жамбыл облысында Балаларды қорғау күніне орай кинозал ашылды

Жамбыл облысында Балаларды қорғау күніне орай кинозал ашылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Балаларды қорғау күніне орай пайдалануға берілген «Digital Bridge» кинозалының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа кинозал «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығының базасында құрылған.

Өңір басшысы алдымен орталық шәкірттерінің шығармашылық жұмыстары қойылған көрмені тамашалады. Балақайлар өздері әзірлеген қолөнер бұйымдары мен дәмдерін таныстырып, қонақтардың жоғары бағасын алды. Ал, түрлі аспапта ән мен күйден шашу шашқан дарынды балалар қошеметке бөленді.

Ербол Қарашөкеев орталық тәрбиеленушісі Есімжан Шәбденмен бірге кинозалдың лентасын қиып, кабинеттерді аралап көрді.

Мұнда балалар бос уақытын тиімді өткізіп, түрлі мультфильм мен киноөнімдерді тамашалай алады. Ең бастысы, IT саласындағы қабілеттерін арттырып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерімен танысады.

Орталықтағы шара концерттік бағдарламаға ұласты. Өңір басшысы балалармен қосыла ән шырқап, олардың көңіл-күйін көтерді. Е.Қарашөкеев мекеменің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, жамбылдық барша балаларды айтулы күнмен құттықтады.

Ербол Қарашөкеев орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, балалармен әңгіме өрбітті. Бұл күні жас қылқалам шеберлері мен өнертапқыштардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Балалар өнерін ортаға салып, кештің ажарын ашты.

Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» орталығы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы құрылған. Білім беру нысаны балаларды оқу-сауықтыру шараларымен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.

Айта кетейік, биыл жаз мезгілінде 192 699 мектеп оқушысын (87,6%) сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен қамту қарастырылуда. Оның ішінде, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Бұдан бөлек, ауыл мектептерінің оқу үздіктері, республикалық, облыстық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары да жазғы демалысын тиімді өткізеді.

Сондай-ақ, 23 мыңнан аса бала тарихи-мәдени нысандарға экскурсия жасайды деп жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639