Жамбыл облысында ирригациялық жүйелерді күрделі жөндеу бойынша үш жоба жүзеге асырылып жатыр

Жамбыл облысында ирригациялық жүйелерді күрделі жөндеу бойынша үш жоба жүзеге асырылып жатыр

 Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылып жатқан «Өтеміс», «Сеңкібай» және «Белқожа» шаруашылықаралық су каналдары жүйелеріндегі жұмыстардың барысымен танысты. Бұл жобалар аймақтың суару каналдары, дренаждық жүйелері мен гидротехникалық нысандарын реконструкциялаудың екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.

 «Өтеміс» каналы жүйесінде жалпы ұзындығы 28 шақырым болатын учаскелерде бетон төсеу, сондай-ақ гидротехникалық нысандарды жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 47 адам және 17 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінге дейін 15,7 шақырым каналға бетон төселді. Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

 Жоба іске асқаннан кейін осы жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 5131 гектарға жетеді. Қазір нысан 1626 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етіп отыр.

 «Сеңкібай» каналында ұзындығы 14,2 шақырым болатын учаскеде реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, жоба 21,8 шақырым каналды жаңартуды көздейді. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Қазір нысанда 13 арнайы техника мен 9 маман жұмыс істеп жатыр. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 4075 гектар егістік алқапқа су жеткізу жақсартылады.

 «Белқожа» жүйесінде жалпы ұзындығы 19,215 шақырым болатын учаскелерде бетондау жұмыстары жүргізілуде, оның 15,8 шақырымы бүгінде аяқталған. Сонымен қатар гидротехникалық нысандарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба іске асқан соң, жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 2896 гектарға дейін ұлғаяды. Қазіргі таңда канал 1860 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етеді. Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау көзделген.

 Нысандардың жағдайымен танысқан Нұржан Нұржігітов келесі жылғы вегетация кезеңінің тұрақты өтуі үшін жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 «Бұл жобалардың мақсаты – суару каналдары мен ондағы нысандардың техникалық жай-күйін қалпына келтіріп, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы мелиорациялық жағдайды жақсарту. Барлық жұмысты белгіленген мерзімде орындау маңызды, өйткені бұл алдағы вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне әсер етеді. Сондай-ақ мердігер ұйымдардың өз міндеттемелерін сапалы орындауына бақылау орнату қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында су шаруашылығы саласын дамыту үшін ирригациялық жүйелерді жаңғыртудың маңызын атап өтті. Осы бағытта біз шетелдік серіктестермен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мысалы, «Өтеміс» каналын реконструкциялау кезінде заманауи неміс технологиялары қолданылып, олардың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі.

05.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 636
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 792

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19560
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19375
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34500
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33059
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36881