Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артық.

Нақтырақ айтқанда, 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,1 мың гектарға майлы дақылдар, 44,8 мың гектарға көкөніс, 10,4 мың гектарға қант қызылшасы, 11,8 мың гектарға картоп, 16,8 мың гектарға бақша дақылдары және 216,2 мың гектарға мал азығы егілмек.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жоспардағы 104 мың гектар жердің 605 гектары жыртылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков атап өтті.

— Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 95,6 мың тонна тұқымның 73,1 мың тоннасы дайындалды. Бұл қажетті тұқым көлемінің 76,4 пайызын құрайды. Ал, жетіспейтін қант қызылшасы, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері мен күнбағыс дақылдарының тұқымын Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан және шет мемлекеттерден жеткізу көзделуде,-деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 6883 дана ауыл шаруашылығы техникасы, яғни, 4 529 трактор, 1 071 соқа, 746 дана дәнсепкіш, 457 дана қопсытқыш, 80 дана тұқым дәрілегіш техникаларын жұмылдыру жоспарланған.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны 15,5 мың тоннаны құрайды. Оның 4,1 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, 495 тоннасы шаруашылықтарға таратылды. Жанар-жағар май 204-214 теңге аралығында босатылуда.

Қазіргі кезде Байзақ және Жамбыл аудандарында егістік жұмыстары қызу жүруде.

Айталық, байзақтық «Нұрхан» шаруа қожалығының егіс алқабында жер жырту жұмыстары бір апта бұрын басталған. Шаруа қожалық басшысы Қырықбай Рахымбердиев көктемгі егін егу жұмыстарын жүйелі жүзеге асырып, мол өнім алуға ниетті.

– 1995 жылдан бері шаруа қожалықтың жұмыстарымен айналысамыз. Осы жылдар аралығында пияз, жоңышқа ектік. Соңғы екі-үш жыл көлеміндегі су мәселесіне байланысты арпа егуге көштік.  Күн көзі жылыған сәттен үйдегі бала-шағамызбен бірге егіс алқабына шығып, тыным таппаймыз. Қазір 2 трактор жер жыртып жүр. Жергілікті билік тарапынан жеңілдетілген бағада дизель отыны берілетін болды, – деді қожалық басшысы Қ. Рахымбердиев.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы 500 гектар аумаққа жаздық арпаның «Космос» және «Байшешек» сорттарын себуді көздеп отырса, «Асқар» шаруа қожалығы 10 гектар алқапқа пияз егу жұмыстарын бастап кеткен.

«Қызыл Дихан» өндірістік кооперативтінің 2000 гектар алқабында да жер жырту ісі үздіксіз атқарылуда. Мұндағы 1300 гектар жер суармалы десек, қалған аумаққа су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары жүзеге асуда

Жамбыл облысы әкімдігі
03.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611