Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар шара өтті

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы Жамбыл облысында да кеңінен аталып өтуде.
Осы орайда, 15 сәуір күні Әулиеата өңірінде бірқатар шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тараз қаласындағы «Келешек-Тараз» ғылыми-интеллектуалды мектеп-лицейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, жазушы Б. Момышұлының 115 жылдығына орай «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрме барысында Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығы, Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған еңбектері және ол туралы жазылған естеліктерден құралған 5 стеллаж жасақталды.

— Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл күн бізге қаһарман жауынгерлердің ерлігі және тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің арқасында келді. Біздің облыстан 100 мыңнан астам адам майдан даласына аттанған. Біз А. Сухамбаев, С. Шәкіров, Б. Момышұлы, Ы. Сүлейменов сияқты батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты да – осы, – деді көрме жетекшісі Ш. Көшенова.

Сонымен қатар осы күні тараздық жастар Ауған соғысы ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізсе, Талас ауданында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 6 соғыс ардагері және 1 447 тыл еңбеккері бар. Барлық соғыс ардагеріне бір реттік қаржылай әлеуметтік төлем (5 млн теңге) төленді.

 
Жамбыл облысы әкімдігі
17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 10342
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 10422
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 25455
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 24127
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 27610