Ағымдағы жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын нысандарға жалпы республикалық және облыстық бюджеттерден 4,5 млрд. теңге бөлінді.
Бөлінген қаржының 1,2 млрд.теңгесі 2021 жылдан өтпелі 7 орта жөндеу нысандарын /54,3 шқ/ аяқтауға бағытталса, 2,6 млрд.теңгеге жаңа 7 нысанда 95 шқ. облыстық маңызы бар жолдарды орта жөндеу, 650,0 млн.теңгеге жолдарды күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады.
Сондай-ақ, 50,0 млн.теңге «Жол активтерінің Сапа орталығы»-ның зертханалық сараптамаларына жұмсалмақ.
Бүгінгі таңда, ауа-райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталды.
Осы орайда, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС-гі тарапынан Талас ауданында орналасқан 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» автомобиль жолының 56-80 шақырымдарын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға қабылдау рәсімдерін жүргізу сатысында болса, аталған автожолдың 20-40 шақырымдарын орта жөндеу нысанында жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды мерзімінен бұрын мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға беріледі.
Алдағы сәуір-мамыр айларында жаңа анықталған мердігер ұйымдармен өнідістік-жұмыстарды жүргізу кесетелерін бекіте отырып, жол-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.