Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов пен Шу ауданының әкімі С.Арубаевтың назарларына! Ататүрік қашан «бостандыққа» шығады?

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов пен Шу ауданының әкімі  С.Арубаевтың назарларына! Ататүрік қашан «бостандыққа» шығады?

«Жас Алашта» 2014 жылдың 18 қыркүйегінде  «Әлі де кеш емес» атты мақалам сол кездегі аудан әкімі «Б.Б.Нұркеновтың назарына» деп жарық көрген еді. Осы мақалада Бақытжан Балтабекұлының атқарған еңбектеріне тоқтала келе: «...Дейтұрғанмен мына жайды қаперіңізге салғым келіп отыр.Есіңізде болар, өзіңіздің аудан жұртшылығының алдында есеп беру жиынында белгілі мүсінші Қали Қораласбаев ініміздің орталық саябақтағы сәбилер ойнайтын алаңқайға Қобыланды батыр, Қожанасыр, Алдар Көсе т.б. ертегілер әлемі мүсіндерін орнатсақ деген бастама көтерген болатын. Біз де қолдап, «Шу өңірінде» атты мақала жазғанмын. Әрине, бұл игі істер Қали үшін болмаса мен үшін ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың елін, жерін, Отанын сүйіп, ұлтжанды азамат болып қалыптасуына ауадай қажет шаралар еді ғой. 

Әйтсе де, менің таң қалғаным, орталық саябақтағы сол сәбилер алаңқайының жанында «Ататүріктің» зәулім ескерткішінің тұрғаны қаншалықты орынды? Мен бұл ретте Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған бауырлас түрік халқын да, оның даңқты көсемі Ататүрікті де кемсітіп отырған жоқпын. Дегенмен киелі Шу өңірінде осыдан 555 жылдай бұрын Қазақ мемлекетінің іргесін қалаған алғашқы хандарымыз – Керей мен Жәнібекке ескерткіш орнату жайы көптен бері көтеріліп келеді. Осы мақаламен қоса, аудан әкімінің атына: «... Шындығына келсек, осы Ататүріктің  ескерткіші қандай құзырлы орындардың рұқсатымен орнатылды?  Бақытжан Балтабекұлы, әлі де кеш емес, кеңінен ойластырып, орны толмас ағаттықтарға бой алдырмасаңыздар екен» деген сарында ресми хат жазғанмын. Сондай-ақ, жоғарыдағы Мәдениет министрлігіндей құзырлы орындардан рұқсат алуды қажетсінбеді ме,  аудан орталығындағы орталық саябаққа орнатуға дайындалған, биіктігі 5 метрлік көлемді ескерткіш қаңылтыр темірлермен қоршалып, 2014 жылдан бастап жабулы күйінде тұрып қалды...

Өзім де қарап жатпай, сол екі арада  Нұркеновтың орнына тағайындалған Шу ауданының  әкімі Рүстем Дәулетке хат жаздым. Оның ұлтжандылығы, парасаттылығының арқасында  2016 жылы  Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  орталық алаңға  алғашқы хандарымыз – Керей мен Жәнібекке, Алтын адам және Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке  арнайы горельеф кешенін жасатуға қол жеткіздім. Бүгінде тәуелсіздік мерекелері осы монументтің алдында өтіп тұрады. ..  Дейтұрғанмен өткен жылдары Тәуелсіздік монументі орналасқан алаңға «Мәңгілік ел» атауын бергізуге бастама көтеріп едік, аяқсыз қалды...

Соңғы кезеңдердегі  халықаралық жағдайдың күрделене түсуі бізді жан-жақты, яғни қай мемлекеттермен одақтасуға, қандай мұсылман елдерімен жақындасуға  кеңінен ойлануға еріксіз мәжбүрлеуде. «Қайтсем де, келмеске кеткен «Кеңес Одағын» қайта құрамын» деп, әуейілікпен екіленіп жүрген  В. Путиннің   украин халқына жасап жатқан басқыншылық әрекеттері адам шошырлықтай. Ал діні де, тілі де басқа «аспан асты» елінің  қандастарымыз бен т.б. өзге ұлт өкілдеріне көрсетіп жатқан зорлықтары да жетіп артылады. Басқаны қайдам, менің ойымша, бізге бір табан жақын түркі елдері көсбасшысының қатарындағы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды атап өтер едім. Ол жуырда мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты  Анкарадағы іргелі мемлекеттер жетекшілерінің басқосу жиынына шақырып, ерекше бауырмалдық танытты. «Ұйқыдағы ұлттар түбі құрып тынады, не құл боп оянады» деп, осыдан жүз жыл бұрын өсиет қалдырған Ұлы Мұстафа Кемел Ататүрік күллі түрік баласына, оның ішінде қазаққа да айтып кеткенін еске салсақ деймін.  Сондықтан Ердоған шовинистік пиғылдағы, ауыздарына келгендерін оттап жүрген орыс қайраткерсымақтарына айбарлана қазақ мемлекетін жан-тәнімен қорғай алатындығын да ашық айта бастады. Сондықтан біз де түрік бауырларға құшағымызды айқара ашып, қонақжайлылық танытумен бірге оларға арқа сүйеуіміз аса қажет. Ол үшін ауданымыздағы Түрік халқы Мәдени қауымдастығы өкілдерінің 2014 жылы ұйымдаса қыруар қаржыға жасатқан даңқты көсемі Мұстафа Кемел Ататүріктің  ескерткішін темір қоршауынан «босатып», салтанатты жағдайда ашылуын жасасақ, Қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген киелі Шу өңірі  жұртшылығының есінде қаларлықтай үлкен шараға айналатыны рас. Сондай-ақ, тәуелсіздік монументі орналасқан орталық алаң мен тарихи мүсіндердің бел ортасында бой көтерген Ататүрік ескерткішіне дейінгі көрікті кешендерді «Мәңгілік ел» атауымен атасақ деймін. Сонда көршілес өзбек, қырғыз т.б. мемлекеттеріне үлгілі бастама ретіндеРежеп Ердоған бауырымыздың  армандағанындай күллі мұсылман әлемі аңсаған Тұран Одағының құрылатын мерзімі де жақындай түсетіні анық!

Мәкен Уақтегі, Әлем халықтары Жазушылары одағы және ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қ. Рысқұлбеков пен Желтоқсан көтерілісін зерттеуші. Шу ауданының Құрметті азаматы.
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666