Кездесу барысында компания тыныс-тіршілігіндегі бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде инвестициялық бағдарламалар мен кәсіпорынның өндіріс көлемін арттыру, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі жоспарларына қатысты мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ биыл ел арасында «Үш батыр» атанып кеткен Жаңатас қаласындағы ғимаратты қайта жаңғырту жұмысы да жоспарланған екен. Және де еңбек ардагерлері мен мүгедектеріне, «Қаратау» тау-кен өндіру комбинатының қызметкерлеріне, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталмақ.
– Жұмыс орындарын сақтау, жалақыны өсіру, еңбек жағдайын жақсарту сынды негізгі басымдықтар үнемі ерекше бақылауда болуы керек, – деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.