Жамбыл облысының құтқарушылары 10 жасар баланы құтқарды

Жамбыл облысының құтқарушылары 10 жасар баланы құтқарды
 

Ағымдағы жылдың 1 мамырында 19 сағат 18 минутта Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері  мен құралдарын жедел басқару орталығының «112» телефон нөміріне көмек сұраған қоңырау түсті. Оқиға орнына  4 адамнан тұратын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жөнелтілді. Оқиға орнына келген құтқарушылар су шлюзіне түсіп, қайтадан кері шыға алмай қалған 2012 жылы туылған баланы тауып, сыртқа шығарды.  Жасақтың құтқарушысы Кенжегараев Азамат альпинистік құралдардың көмегімен төменге түсіп, баланың жоғары көтерілуіне көмектесті. Құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Айта кетерлік жайт бала медициналық көмекті қажет етпеді.

Осылайша, жасақ құтқарушылары тағы бір адамның өмірін сақтап қалды. Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары, ата-аналарды балаларын қадағалауды сұрайды   тұрғындарға алдағы шомылу маусымы кезінде барлық тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін, ал төтенше жағдай туындағанда жедел түрде «112» немесе «101»нөмірлері бойынша хабарлау қажеттігін ескертеді.

 

 
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6348
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6481
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21457
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20077
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23558