Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Ерлан Қыдыралыұлы айтты. Ол Жұма ауылы жерасты су қоры қорытындысы облыстық энергетика басқармасы тарапынан ұйымдастырылатындықтан, жобалық құжаттарын әзірлей алмай отырғандарын да атап өтті. 2024-2025 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасымен Өрнек, Ерназар ауылдарының ауыз су мұнараларын жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.
«Ауданда 42 елді мекеннің 29-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған. Магистральды газ құбырының құрылысы аяқталса, тағы 9 ауыл газбен қамтылады. Осы магистральды газ құбырын аяқтау үшін қосымша 306 млн теңге қажет. Қалған 3 елді мекенді газбен қамту үшін аудан тарапынан жобалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, биыл аудандық маңызы бар 9,6 шақырым жол жөнделіп жатыр. Соңғы үш жылда ауылдардағы жалпы ұзындығы 147,8 шақырымды құрайтын 178 ауылішілік көше жөндеуден өтті», – деп атап өтті спикер.
Аудан әкімі «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 592,8 млн теңгеге 11 ауылдың 39,2 шақырымды құрайтын 39 ауылішілік көшесі жөнделгенін, биыл 16 елді мекеннің 40,7 шақырым болатын 37 көшесі жөндеуден өтетінін жеткізді.