ЖАМБЫЛДА ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ПӘТЕРДІ СУБСИДИЯЛАУҒА 2 880,7 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЖАМБЫЛДА ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ПӘТЕРДІ СУБСИДИЯЛАУҒА 2 880,7 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
 
Мемлекет басшысының елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру жоспарланып, тұрғын үй жалдау ақысының бір бөлігін төлеу бойынша қаржы операторы «Отбасы банк» АҚ тағайындалған. Төлемдер мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 50% және алушылардың есебінен 50 % тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады. Көп балалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар жалдау ақысын субсидиялауға өтініш тапсыра алады.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков айтты. Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға субсидия алу үшін қойылатын талаптар мынадай: ел азаматы болу керек; Отбасының соңғы 6 айда әрбір мүшесіне шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы шарт; Тұрғын үйге мұқтаж тұлға ретінде тіркеу және тұрғын үйге мұқтаж тұлға мәртебесін растауы міндетті; Тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы қажет.
©️©️©️
«Жамбыл облысы бойынша бір шаршы метр үшін жалға алу құны 1370 теңге болып отыр. Биылға республикалық бюджеттен 2 880,7 млн теңге қаралған, ал қалған 20% жергілікті бюджеттен қарастырылады, яғни 576,1 млн. теңге. Қаржы операторы «Отбасы банк» АҚ-ның облыстық филиалында жоғарыдағы санаттарға жататын 5 800 адамның тізімі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басқарма тарапынан қаржы қарастыруға экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды», — деді спикер.
 

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызмет
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678