Бүгін жеке құраммен жедел кеңес өткіздім, онда ағымдағы жылғы бірінші тоқсан қорытындылары мен негізгі міндеттер талқыланды.
Үш ай ішінде біздің қызметкерлер тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының 8,4 пайызға төмендеуіне қол жеткізді.
Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 22,2 пайызға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 21,1 пайызға және интернет-алаяқтық деректері 50 пайызға азайды.
Біздің қызметкерлер 163 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде есірткі заттарын сақтаудың 20 дерегі және 35 өткізу фактілері.
Заңсыз айналымнан 171 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Барлығы 265 жол-көлік оқиғалары тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,6 пайызға жоғары.
Апаттардың санын азайту үшін біз бүгінде жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізудеміз.
Жалпы облыста жедел жағдай тұрақты.
Кеңес барысында кейбір басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына жіберілген бұзушылықтар үшін ескертулер берілді. Барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі қойған міндеттер жеткізілді.
Отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың 33,3%-ға артқаны алаңдатады. Осыған байланысты, қолайсыз отбасыларға ерекше назар аудару үшін учаскелік инспекторлардың жұмыс кестесін, жүктемесін қайта қарауды тапсырдым. Олардың сеніп тапсырылған учаскелерді аралауына, алдын-алу жұмыстарын жүргізулеріне көбірек уақыттары болуы керек.
Сондай-ақ, ел Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Кеңесте ішкі істер органдары есебінде тұрған балалардың «Динамо» спорт кешеніндегі тегін үйірмелер мен секцияларға қатысуы үшін барлық жағдайды жасауды тапсырдым.
Бүгінде біз жаңа Қазақстанның құрылысын бастадық. Біздің алдымызда Мемлекет басшысы мен ҚР Ішкі істер министрі белгілеген ауқымды міндеттер тұр, мен бұл бағыттағы жұмыстың бірлескен күш-жігермен жалғасатынына сенімдімін.