ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР САЛАСЫНДА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР САЛАСЫНДА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аймақтағы Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Уалихан Әлібеков айтты. Оның сөзіне қарағанда, облыс аумағында «Тараз-КРО» кеден бекеті жұмыс істейді. Биылдыққа «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бойынша барлығы 1 038 тауарға арналған декларация ресімделген.
©️©️©️
«Бірінші тоқсанда түскен кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 2 млрд. 747 млн. теңгені құрады. Департамент 29 кедендік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, 22 құқықбұзушылық анықталды және 804 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, кедендік тексеріп қарау бойынша қосымша салынған кедендік төлемдер мен салықтардың соммасы 5 млн. 663 мың 135 теңгені құрады», – деді спикер.
Айта кетейік, бүгінде шағын және орта бизнес күрделі кезеңді бастан өткеруде. Шын мәнінде, пандемияның зардабы осы салаға ауыр тиді.
©️©️©️
«Осыған қарамастан, жыл басынан бері барлық деңгейдегі мемлекеттік кірістер органдары салықтарды жинақтау жұмыстарын белсенді түрде атқарды. Мысалы, Жамбыл облысында 2,4 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді», – деді Уалихан Құланқадырұлы.
 
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
19.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6512
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6642
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21622
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20236
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23721