Жамбылдағы жылы жүздесулер

Жамбылдағы жылы жүздесулер

«Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның бас директоры Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл облысына сапары аясында Жамбыл облысы әкімінің  идеология жөніндегі орынбасары газетіміздің жанкүйері Салимов Серік Жақсылықұлымен кездесті. Бұл кездесу ел бірлігін нығайтып, ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған маңызды пікір алмасу алаңы болды. 

 

Газет-журнал оқымаған ұстаз – ұстаз емес

Кездесулер жалғасын тауып газетіміздің басшысы Сәуле Мешітбайқызы  Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен кездесті. Кездесу барысында ел арасында көтеріліп жүрген маңызды мәселелер мен қуанышты жаңалықтар қоса айтылды. Мәселен Тараз қаласы «Әулиеата» және «Жібек жолы» деп аталар екі ауданға бөлініп, бүгінде біршама ілкімді істердің жаршысы болып отыр. Сонымен қатар бір Тараз қаласының өзінде төрт жайлы мектеп соғылып, соның үшеуі пайдалануға берілген. Бір қаланың өзінде ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық көп. Қаланың   көркем   безендірілуі, «Қолөнершілер қаласы» атануы, туризм саласының ілгері жылжуы, жыл сайын келушілердің артуы, шағынаудандарда тұрғындар санының артуы секілді ақпараттар күн санап артып келеді. 

Сонымен қатар кездесуде жастар тақырыбы кеңінен қозғалып, газет-журнал оқуды мектеп жасынан бастау керектігі айтылды. «Газет-журнал оқымаған ұстаз, білімнің бір бұрышын кенде қылар» дегендей мұғалімдердің де оқушылар секілді газет-журналдан алыстап бара жатқаны сөз болды. Кездесу соңында Сәуле Мешітбайқызы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке ақжарма тілектерін арнап, ісіне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

 

Орта және арнаулы оқу орындарына үлкен мән берілмек

Облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков Сәуле Мешітбайқызын демалыс күніне қарамастан қабылдады. Кездесу барысында облыстың білім саласындағы бірқатар мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сәуле Мешітбайқызы ардагер ұстаз ретінде өзінің ой-пікірлерімен бөлісті. Облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Әбубекұлының айтқанынан белгілі болғандай өңірге алдағы уақытта орта және арнаулы оқу орындарына үлкен мән берілмек. Оқу орнының түлектерінің шетелге кетуінің алдын алу мақсатында жергілікті жерде қосымша жұмыс орындарын ашу, өңірлік кәсіптік білімді дамыту бойынша және тәрбие ісі жөніндегі нақты жоспарларының бар екендігін жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта басқарма басшысы «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналы және «Elana» сайтымен тығыз әріптестік-байланыс орнататынын айтты.

 

Өзара ақпараттық  іс-қимылды нығайтуға уағдаласты

Жамбыл облысына іссапар аясында Сәуле Мешітбайқызы  облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлымен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ақпараттық өзара іс-қимылды нығайту, баспасөздің қазіргі жағдайы және даму бағыттары жан-жақты сөз болды. Сәуле Мешітбайқызы еліміздің жетекші басылымдарының бірі саналатын «Qazaqstan dauiri» газетінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, тақырыптарының кең ауқымды қамтылуы және оқырман сұранысына сай жаңа форматтағы ізденістер туралы жан-жақты әңгімеледі.

Өз кезегінде Жанболат Нұрмолдаұлы өңірлік ақпараттық саясаттың негізгі басымдықтарына тоқталып, аймақтағы медиа кеңістіктің жаңғыру бағыттары жайлы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, ол «Qazaqstan dauiri» сынды беделді басылымдармен әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар баспасөздің қоғамдағы рөлі, ақпараттың шынайылығы мен сапасы мәселелері төңірегінде пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл кездесу өңірлік және ұлттық деңгейдегі ақпарат құралдарының өзара байланысын арттыруға, сондай-ақ журналистиканың жаңа даму үрдістерін айқындауға үлкен серпін берері сөзсіз. 

 

Аудандардың  тыныс-тіршілігімен танысты

Сонымен қатар Сәуле Мешітбайқызы бірнеше аудандарда болып, тұрғындармен, ұстаздар және оқушыларымен, мектеп директорлары мен әкімдік қызметкерлерімен кездесті. Алғашқы іс-сапар кестесі Мойынқұм ауданынан басталып, «Бабалар рузына тағзым» айдары аясында Биназар батыр баба кесенесінде болды (мақаланы газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар). Келесі кезекте Сәуле Мешітбайқызы Қордай ауданында мектеп ұстаздары мен мекеме басшыларымен кездесіп, Кенесары хан мемориалына зияраттап барды. Қордай ауданындағы кездесулер туралы 6-7 беттерде Д.Байтұрсынұлының мақаласынан оқи аласыздар.

Келесі жол картасы Жамбыл ауданында жалғасып, «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында білім беру мекемелерінің ұстаздар қауымымен және оқушылармен жүздесті. Алдымен Сәуле Мешітбайқызы аудан әкімдігінде болып, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен кездесіп, ауданның бүгінгі ахуалымен, ел – жұрттың тыныс-тіршілігімен танысты. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Ізтілеуов қатысты. Ауданда атқарылып жатқан игі істерге, ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ризашылығын білдірген Сәуле Мешітбайқызы ұрпақ тәрбиесі жөнінде пайымды пікірімен бөлісті.

Бұдан кейін №1 орта мектепте болған Сәуле Мешітбайқызы шығармашылық қабілетті арттыру, медиа саласын дамыту мақсатында құрылған «Mektep Media Jambyl» орталығының салтанатты ашылуына қатысып, болашақта журналистика, медиа саласына ден қойған оқушыларға ақыл-кеңесін берді. Ауданның бас ұстазы Зауре Абдрасилова оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп, медиа саласына назар аударуының маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ Сәуле Мешітбайқызы білім ордасының ұжымымен ұрпақ тәрбиесінде ақсаңдап тұрған бірқатар мәселелерге тоқталып өтіп, ұстаздар қауымын ұлт тәрбиесінің тұтқасы екенін атап өтті. Сапарының соңында Сәуле Мешітбайқызы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Медиа орталығының» мүмкіншілігімен және «Жастар ресурстық орталығының» жаңашыл жобаларын көріп, оң бағасын берді.

Сондай-ақ Сәуле Мешітбайқызы Сарысу ауданында тұрғындармен кездесіп, қоғамдағы көптеген мәселелердің басы-қасында болып, мәселе көтерген азаматтардың талап-арыздарына құлақ асты. Келелі кездесу Байзақ ауданында жалғасын тауып, аудан әкімі Олжас Баққараев пен әкім орынбасары Рүстем Қасымов және аудан әкімдігінің аппарат жетекшісі Асылжан Құрманов пен ауданның қоғаммен байланыс ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазинамен кездесті. Келесі кезекте Сәуле Мешітбайқызы Талас, Сарысу аудандарында болып, ауданның  жүйелі жұмыс жоспарларымен танысты.

 

Жамбыл облысына іссапар аясында Сәуле Мешітбайқызы Сарысу ауданында болып, аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, аудан әкімдігі аппарат басшысы Құдайберген Жамбылұлымен кездесті. Келелі кездесуде бірқатар мәселелер талқыланып, алдағы жоспарлардың жүзеге асу барысы қаралды.

Сәуле Мешітбайқызы Талас ауданына табан тіреп, аудан  әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызы мен Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Жексенбекұлымен жүздесті. Басқосуда әкімдік қызметкерлері «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» балалар журналымен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істейтіндерін жеткізді. Айта кетейік мұндай кездесулер жыл сайынғы үрдіске айналған.

 

Кәсіби кадрлар даярлайтын колледжде

Сонымен қатар «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның бас директоры Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Картаков Асхат Уайысұлымен жүздесті. Политехникалық колледждің тарихы сан-саналы тыныс-тіршілігі жайлы Асхат Уайсұлы кеңінен баяндады.

Жамбыл политехникалық колледжі – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, кәсіби кадрлар даярлау ісінде айтарлықтай үлес қосып келе жатқан оқу орны. Колледжде 3000-ға жуық Педагог-қызметкерлер, 2000-нан аса студент бар. Алдағы уақытта колледжбен тығыз байланыс орнату жөнінде келісімге келдік. Бұл ұжым туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінде кең көлемде материал жариялайтын боламыз.

                                  

                              Мұқағали Жамбылұлы

08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6701
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6829
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21813
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20424
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23916