Жамбылдық оқушыларды жазғы сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен 100 пайыз қамту жоспарлануда

Жамбылдық оқушыларды жазғы сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен 100 пайыз қамту жоспарлануда

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте алдымен жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен кері байланыс мәселесі қаралды. Ол бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбектің баяндамалары тыңдалды. Олар түскен өтініштерге басшылардың жауап беру көрсеткішіне, әлеуметтік желідегі белсенділіктеріне, жауаптардың сапасына қатысты жан-жақты талдаулар нәтижесін ұсынды.

- Біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл мәліметтер сіздерге қазір ескерту ретінде айтылып отыр. Кемшіліктерді реттеп, кері байланыс бойынша жұмыстарды реттеңіздер. Тұрғындардың өзекті өтініштері ескерусіз қалмауы керек. Сапалы әрі уақытылы жауаптар беріліп, мәселелер назарға алынуы қажет.

Алты айлықтың қорытындысымен бұл тақырыпты кеңінен қараймыз, кемшіліктер бойынша жауаптыларға нақты шаралар қабылданатын болады,-деді аймақ басшысы қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қарата сөйлеп.

Басқосудағы екінші мәселе бойынша сөз алған білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов ҰБТ-ның өту барысы, жазғы мектеп, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы айтып өтті.

Биыл облыста 11 762 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Ал, 9-сыныпты 21 213 оқушы аяқтайды.

26 мамыр мен 17 маусым аралығында 1-8 сынып және 10-сыныптың оқушылары үшін «Жазғы мектеп» жұмыс жасайды. Биылғы жылы 490 оқушы «Алтын белгі» төс белгісіне  үміткер болып отыр (2021 жылы - 485).

Мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырдан басталған десек, 5 шілдеге дейін жалғасады. Оған қатысу үшін 11 762 мектеп бітірушінің 8 842-і тіркелген.

Ұлттық бірыңғай тестілеу «Ustudy» орталығының 2 пунктінде өтуде.

Сондай-ақ, басқарма басшысы жазғы сауықтырумен және түрлі  демалыс шараларымен оқушыларды 100 пайыз қамту жоспарланып (1-10 сыныптағы 215 932 оқушы) отырғандығын жеткізді.

Атап айтқанда, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың 7 683  баласын, мектеп жанындағы тамақтанумен ұйымдастырылатын лагерьлерге 102 749 баланы тарту көзделуде.

- Балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыруға күш салу керекпіз. Қала сыртындағы, мектеп жанындағы лагерьлер тазалық, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуі тиіс. Оған дайындық барысын барынша бақылауға алыңыздар. Ыстық тамақтың сапасы да басты назар болуы қажет. Бұл жұмыстарды ойдағыдай ұйымдастыруға тек тиісті басқарма емес, аудан әкімдері жауапты болады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жиында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы да қаралды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, 2009-2021 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдарға барлығы 5 392 маман тартылып,  аудандық бюджеттерден 917,1 млн. Теңгеге көтерме жәрдемақы берілген.

Ағымдағы жылы бұл мақсатта 153,8 млн.теңге қарастырылып, 502 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек  2010-2021 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2 384 маманға 7,6 млрд. теңге несие берілген. Олардың 87 пайызы ауылда тұрақтанған.

Облыс әкім бағдарламаның кадр тапшылығы мәселесін шешудегі маңыздылығын баса айтып, бірқатар кемшіліктер бойынша тиісті тұлғалардан жауаптар алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678