Жамбылдық шаруа несие алып, соқа жасап шығаруда

Жамбылдық шаруа несие алып, соқа жасап шығаруда

Жамбылдық шаруа несиені «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында алып отыр. Жалпы бұл жобаға қатысушыларға өз ауласындағы жерді пайдаланып, жылыжай салып, тігін цехын ашып, табыс табуға мүмкіндік берілген. Пайызы төмен жеңілдетілген несие түрінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Үлгілі ауылының соқа жасап, үлгі көрсетіп отырған тұрғыны Әмірбек Төлепов аталған жоба арқылы 2,5 пайызбен 2 миллион 700 мың теңге несие алған. Осылайша кәсібін ұлғайтып отыр. Темірден түйме түйген ұста Әмірбек Өтепұлының комбайн, тракторларды жөндеп қана қоймай, жаңа техника да жасай біледі.

Ол жер жыртатын соқаның 30 түрін жасау үшін алған несиесіне 8 тонна керекті металл алған. Қазір шебер соқадан бөлек, арық қазатын, жер қопсытатын, тегістейтін, шөп шабатын, қора тазалайтын және «пескаблок» кірпішін шығаратын техникаларды жасап шығаруда.

«Біз жасап шығарып жатқан, ауыл шаруашылығы техникаларының зауыттан келетін техникалардан ерекшелігі – сапасында. Неге сапалы деген сұраққа жауап берсек, біз техниканы әр аудан, ауылдың жер қыртысына қарай жасаймыз. Яғни, алдымен сатып алушының жерін зерделеп барып, техниканы сатамыз. Сонысымен сапалы дүние шығады», – дейді Әмірбек Төлепов.

Әмірбек Төлеповтың жасаған ауыл шаруашылығы техникалары Жамбыл өңірінен бөлек, Қырғыз Республикасына, Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды облыстарына сатылуда. Зауыттағыдан 60-70 пайыз арзан техникаларды тіпті несиеге сұрайтындардың да қатары көбейіпті.

Сұранысты уақытылы орындау үшін 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа айлық-жалақысы 250 000 мен 300 000 теңге көлемінде.

                                                                                                                                             

Ардақ Үсейінова.qanagatnews.kz
19.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722