Жамбылдықтар Мұхтар Шахановқа құрмет көрсетті

Жамбылдықтар Мұхтар Шахановқа құрмет көрсетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімі шоқтығы биік тұлғамен дидарласып, әдебиет және руханият төңірегінде әңгіме өрбітті.

Өңір басшысы Мұхтар Шахановтың қазақтың сөз өнерінде алар орны бөлек екенін тілге тиек етіп, оның поэзиясы – елдің еңсесін тіктеп, рухын асқақтатқан мәңгілік мұра екенін айтты.

– Сіздің жалынды жырларыңыз әр қазақтың жүрегінде жатталып, сана түкпірінде сайрап тұр десек, қателеспейміз. Әулиеаталықтар да Шаханов мұраларына ерекше құрметпен қарайды, — деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі ақынның иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан сый-құрмет көрсетті.

Бұл күні жамбылдықтар Мұхтар Шахановпен бірге Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры сахналаған «Танакөз» атты мелодрамасын тамашалады.

Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5230
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5390
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20353
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18989
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22453