ЗАҢ БАРШАҒА ОРТАҚ

ЗАҢ БАРШАҒА ОРТАҚ

Биыл 15 сәуірде Мемлекет басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулермен қоса әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойған еді. Сол заң 16 маусымнан бастап күшіне енді. Ендігі ретте кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Қасақана ауыр, орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіргені үшін жазалау тәртібі түбегейлі өзгертілді. Жетілген заңға сай енді кәмелетке толмаған баланы зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады. 

Заңдағы тың өзгерістер туралы Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов жан-жақты түсіндірді. Айтуынша, заң талаптарының жүзеге асуы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың төмендеуіне ықпал етеді.

 – Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым саясаты. Жаңа өзгерістер негізінде әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елімізде отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізілді. Ана мен балаға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция департаменті жергілікті атқару органымен, қоғамдық ұйымдармен  бірлескен жұмыстарды жүзеге асырады, арнайы рейд пен жедел-алдын алу іс-шаралары ұдайы негізде өткізіледі, – деді Жасұлан Байкенов.

Айтпақшы, 20 маусымнан бастам вейпингке тыйым салатын заң да өз күшіне енді. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары жасөспірімдердің электронды темекіге аса құштар болып алғанын жасырмады. Статистика жасөспірімдердің дені атаулы бұйымға әбден құмартқанын айшықтайды. Ж. Байкенов мұның себебін жарқын қаптамамен және әртүрлі дәммен жастарды тартатын өндірушілердің белсенді маркетингтік стратегиясымен байланыстырады. Енді оларға шектеу заңмен қойылады. Аталмыш құжатқа сай шекпейтін темекі өнімдерін әкелу және өндіру 2 000 АЕК (7 384 000 теңге) дейінгі айыппұлдарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді немесе мүлкі тәркіленіп, одан айыруды қоса алғанда, қатаң жазалауға жатады.

 – Елімізде «Вейп» электронды құрылғының айналымына бақылаудың күшеюі, оның денсаулыққа қаншалықты зияндылығының дәлелі екенін атап өткен жөн. Бұл бәлекет мектеп оқушылары арасында да таралып жатқаны жасырын емес. Сондықтан әрбір ата-ананы балаларының қауіпсіздігі үшін бірлесе қарекет етуге шақырамыз, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 20
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 31
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 10
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 19
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 17
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 34
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 31
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548