ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Астанада қала әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 көпшілік кітапханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа кітапхана Нәжімеденов, 27 мекенжайында орналасқан. Жаңа кітапхана базасында уақыт өте келе балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен тілек білдірушілер үшін қазақ тілі курстары жұмыс істейтін болады.

«Өзге қалалық кітапханаларда қазақ тілі курстары, сонымен қатар сурет және қолөнер бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Бізде балаларға арналған кітапханалар мен театрлар бар, мұнда шағын қуыршақ спектакльдері көрсетіледі. Сонымен қатар, қала тұрғындары оқу үшін де келеді, себебі мұнда шығармашылық тұрғыда дамығысы келетіндер көп. Жаңа кітапхананың ашылуы мәдениетті дамытуға жаңа серпін береді», – дейді Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева.

Жергілікті тұрғындар жаңа кітапхананың ашылуы туралы оң пікір білдірді.

«Бұл кітапхана біз үшін қадамдық қолжетімділікте ашылғаны қуантып отыр. Жазғы каникул кезінде балалар осы кітапхана арқылы зияткерлік қабілеттерін дамытып, энергияларын тиімді жұмсай алады», – деді астаналық Нұргүл Қонысбаева.

2023 жылы елордада 4 кітапхана, 2024 жылы 8 кітапхана күрделі жөндеуден өтті. Қазір Астанада 22 орталықтандырылған кітапхана бар.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 248
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 320
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 273
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 308

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4135
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3564
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5782
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4538
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5723