ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні аудан орталығы Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мереке күні ашылған шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
"Осы айтулы мереке қарсаңында биыл құрылғанына 55 жыл толып отырған ауданымыздың орталығы Жаңатас қаласында тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы номер 46-шы, 48 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр. Меншік иесі, жеке кәсіпкер Нұрбол Қайрулғалиұлы өз қаражатына жөндеген бұл тұрғын үй мемлекеттің қорынан сатып алынып, ел игілігіне берілуде. Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан осал топтарға және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға табысталатын болады. Біз әрқашанда Сіздердің қуаныштарыңызға ортақпыз"' - деген аудан басшысы қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.
Бұдан кейін сөз сөйлеген аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек салтанатты шарада өз құттықтауын жеткізді.
Жаңа тұрғын үйдің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.
Сарысу ауданы әкімдігі
30.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498