Жаңа қонысқа ие болды

Жаңа қонысқа ие болды

Ата Заң мерекесі қарсаңында Орал қаласының іргесіндегі Деркөл, Зашаған кенттері мен «Жұлдыз» шағынауданында бой көтерген жаңа тұрғын үйлер иелеріне табысталды.

Атап айтқанда, жаңа қоныстың иелері – көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен саяжай тұрғындары. Оралдықтардың қуанышына ортақтасқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев: 

– Үкімет тапсырмасына сәйкес Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданында – 192, Зашаған кентінде – 80, Деркөл кентінде – 103, барлығы 375 тұрғын үй құрылысы мамыр айында басталып, бүгін су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға табысталып отыр. Жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын бір қабатты үйдің құрылысын отыздан астам жергілікті құрылыс компаниясы қысқа мерзімде сапалы аяқтау үшін бар күш-жігерлерін салды. Бұған қоса «ERG көмек» корпоративтік қоры қаладағы салынып жатқан пәтерлерге демеушілік көрсетті. Құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауға алынып, ең алдымен олардың сапасы басты назарда болды. Жұртшылық құрылыс сапасына дән риза. Балаларымыз да жаңа оқу жылы барысында мектепке су жаңа баспаналарынан баратын болды. Осындай ауыртпалығы мол кезеңді бірлігіміз бен ынтымақтастығымыздың арқасында еңсере білдік, ендігі кезекте елімізде мұндай табиғи апат орын алмасын, – деді. Сондай-ақ өңір басшысы халықтың қуанышына ортақтаса келген «ERG көмек» қорының өкіліне құттықтау хат табыстады.   

Биылғы көктемде елімізде, соның ішінде Орал қаласында да күрделі жағдай орын алып, саяжай тұрғындары су тасқынының кесірінен баспаналарынан айырылғаны белгілі. Олар сол бір қиын-қыстау кезеңде туыстарының үйлері мен уақытша эвакуациялық қосындарды паналады. Табиғи апаттың салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар дер кезінде қолға алынып, зардап шеккен жерлестерімізге жан-жақты қолдау көрсетілгенінен хабардармыз. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен облыс орталығынан 1502 отбасыға пәтер берілсе, 10 мыңға жуық жанұя 3 миллиард теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек алды. Ал 4568 азаматтың мүліктік шығындары өтелді. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Мешіт – имандылықтың ұясы»
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы - 15.09.2024 67
БҮГІН ЖАҢАТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ
✅Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі - 15.09.2024 11
«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН»  КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.09.2024 5
СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.09.2024 106
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 156
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 169
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 619
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 726
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 725

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4546
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3990
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4949
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6151