Жаңа серпін

Жаңа серпін
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі ауданымызда ауқымды түрде аталып өтті.
Наурыз – жаңа жыл басы. Біз үшін бұл ең басты ұлық мереке. Наурыз мейрамынан халқымыздың бар болмысы, тарихы мен тыныс-тіршілігі, мәдениеті мен салт-дәстүрі көрініс табады.
Наурыз мерекесі жылдан жылға жоғары деңгейде тойланып келеді. Мейрам қарсаңында үлкендермен қатар, жастарымыз да ұлттық киімдер киіп, Наурызды дәріптеуде белсенділік танытуда. Олардың ұлттық құндылықтарды, қолөнерді дамытуға, салт-дәстүрді танытуға деген ниеттері қуантады.
Биыл Наурызнама онкүндігі бекітіліп, мерекелер жаңа форматта өтуде. Бұл Наурыз мейрамын насихаттауға жаңа серпін бергені анық. Бастысы, іс-шаралардың барлығы мейрамның түпкі идеологиялық мазмұнына сай етіп ұйымдастырылуы маңызды. Сонда бұл іс-шаралар азаматтарымыздың есінде ұмытылмастай боп қалары сөзсіз.
Жорабек Баубеков, Меркі ауданының әкімі
21.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5243
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5403
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20366
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19002
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22467