Жаңа техникалар берілді

Жаңа техникалар берілді

Кеше «Астанада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жаңа арнайы және өрт техникасының кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Заманауи автокөлік жақын арада еліміздің шалғай өңірлеріне жөнелтіледі», – деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

Техника материалдық-техникалық базаны нығайту және бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс шеңберінде сатып алынды. Машиналар өрттерді тиімді сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жарақталған.

«Бүгін біз бөлімшелеріміздің техника паркін жаңартуды жалғастыратын боламыз. Бұл жай ғана автомобильдер емес, адамдардың қауіпсіздігі мен құтқарушылардың жұмысының тиімділігі олардың жабдықталуына байланысты. Алдағы күндері олар азаматтардың игілігіне қызмет ету үшін өңірлерге жеткізіледі», – деді Шыңғыс Әрінов. Жаңа автокөліктер бірнеше облыстарға, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ерекше өзекті болып табылатын шалғай және шекара маңындағы аудандарға жеткізілетін болады.

Іс-шара соңында елордалық өрт сөндіру бөлімінің аумағында дәстүрлі көгалдандыру акциясы өтті. Министр, бөлімше қызметкерлері мен шақырылған қонақтар ведомствоның жақсы экологиялық бастамасын қолдай отырып, ағаштар отырғызды.

Сонымен қатар іс-шарада дала асханасының жұмысы көрсетілді. ТЖМ басшысының тапсырмасы бойынша мұндай ас үйлерді орман және дала өрттерінің салдарын жоюға жұмылдырылған жеке құрамды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар орындарында ашу жоспарлануда. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар құтқарушылардың далада тамақтануы қалай ұйымдастырылатынын бағалады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
27.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5692
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5838
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20814
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19437
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22902