Жаңа зауыттың іргетасы қаланды

Жаңа  зауыттың  іргетасы  қаланды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев айқындап берген экономиканы әртараптандыру, оны өңдеу өнеркәсібін кеңірек дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер аясында аймақта нақты істер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.  

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың және мәслихат депутаттарымен еңбек ардагерлерінің қатысуымен Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының  іргетасы қаланды. Онда сөз сөйлеген өңір басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа жобаның басталуымен құттықтап арго-өнеркәсіп кешенінің алдында тұрған нақты міндеттерді атап өтті.

Сыр бойының егін шаруашылығы саласының  делегациясы өткен жылы тамыз айында Жетісу өңіріне арнайы іс сапармен барып қайтқан болатын.  Онда делегация мүшелері еліміз бойынша ірі өндіріс орындарының бірі «Жаркент крахмал-сірне» зауытының жұмысымен кеңірек танысқан еді. Екі жақта келіссөздер арқасында серіктестіктің қолдауымен облыста жүгері дақылын терең өңдейтін жаңа зауыт салу жөнінде маңызды келісімге қол жеткізілген.

Соған орай Сыр бойы оның ішінде жүйелі өркенді жұмыстармен көзге түскен Сырдария ауданының тұрғындары тарихи сәттің куәсі болды. Осылайша жылына 150 мың тонна жүгері дақылын терең өңдейтін, 40 млрд теңгенің жаңа өндіріс орнының іргесі қаланды.

Зауыт заманауи талаптарға сай жоғары сапалы технологиялармен жабдықталып, ауданның 550 кісіні тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады. 

Үстіміздегі жылдан бастап жүгері егісі облыс бойынша 15 мың гектарға дейін ұлғайту межеленіп отыр. Бұл көрсеткіш талапқа сай жыл сайын артып, аймақтың аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Мемлекет тарапынан терең өңдеуге бағытталған жүгері өндірісін қолға алған кәсіпкер-шаруаларға қаржылай көмек берілетін болады.

Бұл іс-шарада Мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламан сөз сөйлеп, батасын берді. 

Осы ретте айта кететін мәселе мемлекет тарапынан 2022-2025 жылдары аграрлық саланы қолдауға 99,4 млрд теңге бөлінген еді. Ал биыл бұл мақсатқа 34,8 млрд теңге беру межеленіп отыр. Бұл күрделі жұмысқа шаруашылықтардың есебінен 58 млрд теңгенің үстінде қаржы инвестиция есебінен тартылып отыр. Өткен жылы аймақтың ауылшаруашылығы бойынша 11,6 млрд теңгенің  16 инвестициялық жобасы жүзеге асып, сала бойынша инвестиция көлемі 74%-ға артқан.

Өңір бойынша 2026-2028 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, оған 138,2 млрд теңгенің 17 жобасы енгізіліп отыр. Осылайша жүйелі жұмыстың нәтижесінде жалпы өнім көлемі жыл сайын өсу үстінде. Атап айтқанда, өткен жылы бұл көрсеткіш 233,4 млрд теңге болса, оны биыл 540,4 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. 

Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ,

 Қызылорда қаласы

30.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571