Нақты сектордағы жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандардың іске қосылуы тұрғындардың әл-ауқатына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Атап айтқанда, Қордай ауданында экономикалық белсенді халық санының 73 923-і жұмыспен қамтылғандар, жалданғандар саны 34 529 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 36 059 адам. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 1707 адам қамтылып, 1530 адам жұмысқа орналастырылды, оның 585-і тұрақты жұмыс орындарына орналасты. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жыл басынан бері 65 қордайлық білім алды. Жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін ауданның 95 тұрғынына жалпы сомасы 140,3 миллион теңге мемлекеттік грант бөлінді. Байзақ ауданында 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасын жүзеге асыру аясында жыл соңына дейін 5549 адамды қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоспар 42,4 пайызға орындалған. Талас ауданында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында ағымдағы жылы 1391 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 463 адам тұрақты жұмысқа, 649-ы қоғамдық жұмыстарға, 91-і жастар тәжірибесіне, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Т.Рысқұлов ауданында өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 1077 адамға азайған. Жұмыспен қамтуға тартудың белсенді шаралары 1950 адамды қамтыды. Ауданда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 4071 адамды тарту жоспарлануда. Сарысу ауданында жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 1581 адам қамтылды. 1123 жұмыссыз тіркелген (6,4 пайыз). Мойынқұм ауданында жыл басынан бері 845 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 62 адам, жастар тәжірибесіне 396 адам жіберілген.