Жаңаөзенде – жаңа зауыт

Жаңаөзенде – жаңа зауыт

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын одан әрі дамыту, соның ішінде Маңғыстау өңірінде жаңа кен орындарын игерумен қоса өнеркәсіп орындарының іске қосылуына қолдау таныту мәселесін көтеріп келеді. Ел Президенті шикізат секторындағы, оның ішінде дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, электр кабельдері өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып, арнаулы экономикалық аймақтың әлеуетін одан әрі арттырудың өзектілігіне назар аударған еді.

Осыған орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың бастамасымен бірнеше ай бұрын Жаңаөзенде жаңа зауыттың іргетасы қаланған болатын. Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт салу жұмыссыздық мәселесін шешуге және мұнайлы қаладағы өндіріске қажетті жабдықтарды жергілікті жерде өндіру тиімділігін арттыруға көмектеседі. Зауыт құрылысы жауапкершілігі, яғни тапсырыс беруші міндеті мұнайгаз кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін мұнай кәсіпшілігі мен химиялық жабдықтардың тұтас желісін шығаратын Маңғыстау облысының жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі «Қаскор Инжиниринг» ЖШС-і құзырында. Компания локализация бағдарламасы аясында 2023 жылы сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангалары өндірісін Жаңаөзен қаласында зауыт салу жөнінде шешім қабылдады. Аталған нарықта 34 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде сорғы штангаларын өндіруде екі жыл, пеш дайындауда он алты жыл және сорғы-компрессорлық құбырлар өндіруде тоғыз жыл тәжірибесі бар компания жаңа зауытқа 17,3 млрд теңге инвестиция тартып отыр. Зауытқа басым бөлігі Жаңаөзен қаласының 300-ге жуық тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласындағы №1 өндірістік аймақта жалпы ауданы 12 га құрылыс аумағында зауыт құрылысы бастау алған. Құрылысқа қажетті барлық инфрақұрылымдық жабдықтаулар мен жеткізулердің дер кезінде жүзеге асырылуы нәтижесінде бас мердігер «М-СтройТранс» компаниясының жұмысшылары бақылап-өткізу пункті, асхана, 150 орындық жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған модульдік ғимараттарын монтаждап, зауыт бағаналарын толықтай тұрғызып үлгеріпті. 

– Зауыт құрылысының дайындық жұмыстары, инфрақұрылым желілерін тарту биыл сәуір айында басталды. Құрылыс аумағында қазір «ASM» және «Отан-инжиниринг» атты екі мердігер компания жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмысты жоспарланған мерзімде аяқтау міндетіміз, сол себепті бақылап-өткізу пункті, асхана, жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған модульдік ғимараттар құрылысы аяқталды, – дейді «М-СтройТранс» компаниясының учаске басшысы Жеңіс Тукаев. Ғимаратта еден төсеп, жақтауларды орналастырып жүрген жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Олардың бірқатары құрылыс нысанында қонып, ал кейбіреулері Жаңаөзен қаласынан қатынап жұмыс істейді.

– Жұмыс қалыпты жағдайда жүріп жатыр. Өз міндетімізге сай сапалы қызмет көрсетіп, құрылысты мерзімінде тапсыруды жоспарлап отырмыз, – дейді «Отан-инжиниринг» компаниясының прорабы Ербол Көпжасаров.

Құрылыс алаңында техникалық көліктер ауыр темір қондырғыларды тіктеп тұрғызуда. Бір бригада күніне он темір бағананы орнатып үлгереді екен. Жоспар бойынша төрт бригада толық жинақталып, іске кіріскен кезде жұмыс қарқыны артады.

 

Голрох ЖЕМЕНЕЙ,

Маңғыстау облысы

24.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 50
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 578
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 692
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 616

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8152
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11381
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10366