ЖАҢАТАСТА ҚУАТТЫЛЫҒЫ МЫҢ ТОННАЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫ САЛЫНУДА

ЖАҢАТАСТА ҚУАТТЫЛЫҒЫ МЫҢ ТОННАЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫ САЛЫНУДА
 0
Сарысу ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,9 млрд. теңгені құраса, бұл көрсеткіштің негізгі бөлігін «Еврохим» ЖШС мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені еншілейді. Шикізатты өңдеп, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспестивалық жоспары жасақталды. Жалпы құны 892,1 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның пулы әзірленді. Ендігі мақсат — қосымша жобаларды тарта отырып, инвестицияның көлемін
1 триллионға жеткізу.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев айтты. Ол ауданның қазынасы бүгінде 12,7 млрд теңге екенін де жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласында 4 айда өндірілген өнімнің көлемі 2,6 млрд теңге болған. Егістік жер көлемі 24 179 гектар ды құрап, оның 24 020 гектар жері немесе 99,3%-ы жоспарлы түрде игерілді.
©️©️©️
«Биыл 1 692,2 тонна тыңайтқыш аламыз, егістік жердің 13 000 гектар жер алқабы тыңайтылатын болады. Бүгінде 1261 тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалып, 1179 тоннасы жеткізілді. «Кең дала» бағдарламасымен 13 шаруа қожалық 48,4 млн теңге көлемінде несие алуға өтінім беріп, 43,9 млн теңгемен қаржыландырылды. Ал жыл басынан бері өндірілген ет көлемі 3,1%-ға, сүт өнімі 1,7%-ға артты. Есепті кезеңде 162 млн теңгені құрайтын 19 жаңа техника алынды, жаңару көрсеткіші 3%-ды құрады. Жыл аяғына дейін техника жаңарту үлесі 11%-ға жеткізілетін болады», — деді әкім.
🔴Спикер Жаңатас қаласынан қуаттылығы 1 мың тонналық азық-түлік қоймасын салу жұмыстары басталғанын атап өтті. Оның құрылысы Президент Қ.Тоқаевтың көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарын әзірлеу, өнімді келесі маусымға дейін сақтаудың заманауи және қолжетімді инфрақұрылымын құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру болмақ. Нәтижесінде, ауданда шағын өңдіріс цехтарын ашу көзделіп отыр. Әр елді мекеннің шикізаттық мүмкіндіктері зерделеніп, әр округке 1 зәкірлік жобаны іске асыру жоспары тиісті механизмдерімен бекітілді. Бүгінгі күнге жоспарлы 10 жобаның 3-еуі іске асты.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680