ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ХАЛЫҚҚА БЕРЕРІ МОЛ

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ХАЛЫҚҚА  БЕРЕРІ МОЛ

Астанада кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Халыққа тиімді бағамен өнім ұсынатын бұл жәрмеңкенің орны бөлек.  Өткен аптада өз өнімдерін төрт облыстың, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аграршылары ұсынады.

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер елордалық жәрмеңкеге 900 тоннадан астам өнім әкелді. Сөрелерде ет, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық, қант және түрлі кондитерлік өнімдер бар.

Павлодар облысы жеткізген өнім көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл өңір 550 тоннаға жуық өнім әкелді, оның басым бөлігі картоп, көкөніс және бақша дақылдарын құрайды. Жетісу облысының аграршылары жаңа піскен жеміс-жидектер, ет және қантты қоса алғанда, 120 тоннадан астам тауар ұсынуда. Батыс Қазақстан облысы ет өнімдерінің алуан түрін, сондай-ақ ұн мен макарон өнімдерін әкелді.

Өз кезегінде Алматы облысы 200 тонна өнім ұсынды, олардың ішінде әйгілі «Апорт» сұрыпты алмалары ерекше көзге түседі. Жәрмеңке күндері астаналықтардың 350-700 теңгеге 1 келі алма сатып алу мүмкіндігі бар.

«Біз Алматы облысының атынан келдік. Елордалық жәрмеңкеге жыл сайын қатысамыз, сатылымдар жақсы жүріп, тауарлар жылдам өтіп жатыр. Бүгін алмұрт, «Апорт», «Американдық» алмалары, «Дюшес» сұрыпты алмұрттар әкелінді. Біздің апорт – жемістің төресі. Көптеген қазақстандықтар үшін бұл тарихтың бір бөлігі, туған жер байлығының символы және балалық шақтың өзіндік дәмі», – деп атап өтті сатушы Фарида Лазгиева.

Астаналық Айсұлу Өтешева жәрмеңкеге жұбайымен бірге келіп, өз әсерімен бөлісті. «Аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелері – бұл біз үшін, қала тұрғындары үшін жаңа және табиғи өнімдерді фермерлерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алудың тамаша мүмкіндігі. Жұбайым екеуміз жыл сайын осы жерден сатып алуға тырысамыз, өйткені мұнда қолжетімді бағамен сапалы көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдерін табуға болады. Бұлтты ауа райына қарамастан, бұл жолы жаңбыр мен қар жауып тұрса да, біз әлі де мүмкіндікті жіберіп алмауды шештік», – деді ол.

Жәрмеңке 12 және 13 қазанда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында, Қарқаралы тас жолында өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына  ыңғайлы  болуы үшін жәрмеңкелер кезінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары ұзартылды.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363